CAMEL
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from CAMEL, Travel Company, Beyneu.
10/07/2019
📖Ертегілер - халық даналығының айнасы, өмір тәжірибесін танытар тәрбие құралы.
⠀
✒Талай тарланның тұлға болып қалыптасуында қисса, жыр-дастандар мен ертегілердің, олардың сюжеттері мен кейіпкерлерінің рөлі орасан зор! Ертегі оқыған бала вундеркинд деген екен бір ғалым. Шынымен қазіргі заманауи жаңалықтардың ашылуының бастауында ертегілер тұр. Халық өмірінің тынысынан, тұрмыс-тіршілігі мен салт-санасынан, әдет-ғұрпынан хабардар ететін тағы да ертегі. Бір сөзбен айтқанда қазіргі ХХІ ғасыр балаларына ең қажетті тәрбие құралы смартфон емес дәл осы ертегі. Бәз біреулер ертегіні еріккеннің уақыт өлтірер шатпағы деп біледі. Алайда бұл қате пікір. Себебі ертегінің өн бойында болып жатқан оқиғалар мен кейіпкерлердің керемет таңдай қақтырар істеріне моральдық танымда сұрақ қоюынан осындай пікірге ұрынады. Керісінше ертегілерге онтологиялық танымда "Бұл ертегіде қандай Мән бар?, Өзіме бұл ертегіден қандай пайда аламын?, Қандай даналық астарында жасырылған?",- деп сұрақ қояр болсақ ертегілер көмулі жатқан қазынасын өзі-ақ ақтарып салады. Сондықтан халайық ұл-қызымыздың АДАМ болып қалыптасқанын қаласақ, өмірден адаспай өз орнын тапқанын тілесек - ертегі оқыталық. Ертегі тыңдамаған қазақ кемде кем шығар. Бауыржан Момышұлының үш қорқынышының бірі - немересіне ертегі айтып бере алмаған ата-әже еді.
⠀
✒Жуырда (шамамен 1 апта ішінде) .otbasy "Отбасы хрестоматиясының тағы бір туындысы "Әділ патша" түрлі-түсті, қазақы нақыштағы ертегі кітабы жарық көрмек. Аталмыш еңбектің іні-қарындастарымыз бен бала-немерелерімізге берер пайдасы зор. Жақсы дүниеден қапы қалмаңыздар!
⠀
#ертегі #әділпатша
01/07/2019
✔3000₸-ге 3000000₸-лік құны бар ақпарат алғыңыз келеді ме?⤵️
⠀
✒Ешқандай ел тарихын терең біліп зерделемей, болашағына бағдар жасай алмайды. Киелі маңғаз Маңғыстау тарихында ойып тұрып орын алатын тарихи тұлғалар жетерлік. Солардың бір парасы берекелі Бейнеуді мәңгілік мекені қылды. Кейбіріне құрмет көрсетіліп ескерткіш қойылды. Ел ауызында "Ердің соңы - Есет, пірдің соңы - Бекет" деген сөз бар. Әулие, ағартушы-ғұлама, шебер сәулетші, сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр, Адай тайпасының ұранына айналған пір Бекет ата Мырзағұлұлының Ескі Бейнеудегі жерасты мешіті, Адай тайпасын Маңғыстауға бастап келген Қосай Атақозы батырдың сағана тамы, Есекмерген, Қабыл, Ер Лабақ батырларға, бай болып халқына шарапаты тиген, үш Назардың бірі Саназарға қойылған мемориалды ескерткіштері осының айғағы. Аталған тұлғалардың ескерткіштеріне танымдық саяхат ұйымдастырылғалы жатыр. Қапы қалмаңыздар.
⠀
📆Күні: 06.07.2019 жыл.
🗒Саяхат кестесі:
📌Жиналу орны: Ж.Қалдығараев атындағы о.м-тің жанына.
07:30 - топты жинақтау;
08:00 - ауылдан шығу;
08:45 - нысандарға жету;
09:00 - 11:00 - саяхаттау.
12:00 - ауылға қарай шығу;
12:45 - ауылға жету.
⠀
💰Саяхат құны: 🧒🏻👧🏻7-17 жас - 3000₸.
👨🏻👩🏼 18-ден жоғары - 4000₸.
⠀
Көрсетілетін қызметтер:
🚌 Көлікпен тасымалдау;
🧗♂️Гид қызметі;
☕🌭 кофе, фаст-фуд.
⠀
Өзіңізбен бірге ала шығыңыз:
📌Көзілдірік, бас киім;
📌Күнге қарсы крем;
📌Қолшатыр (мүмкін болса);
📌Жеке ыдыс (стакан, қасық).
⠀
📝Саяхатқа өтінімді профильдегі сілтемеде көрсетілген нөмірге бере аласыз. +7 747 830 23 57
⠀
🔖Пост жоғалтып іздеп жүрмес үшін өзіңізге сақтап алыңыз 🤗
📤Достарыңызбен және стористе бөлісіңіз 🤗
⠀
#турист #туризм #бейнеу #саяхат #путешествия @ Beyneu, Mangghystaū, Kazakhstan
17/06/2019
Қайсысына (-ларына) барғыңыз келеді? 🤷♂️
⠀
1. Амантұрлы батыр кесенесі;
2. Омар-Тұр кесенесі;
3. Манашы сайы;
4. Төремұрат батыр күмбазтамы;
5. Көркембай ата мешіті;
6. Ер Лабаққа арналған ескерткіш;
7. Есекмерген батырға арналған ескерткіш;
8. Сүгірәлі Қабыл батырға арналған ескерткіш;
9. Бекет ата Мырзағұлұлының Ескі Бейнеудегі жерасты мешіті.
10. Атақозы батырдың сағана тамы.
⠀
✅Төменге рет санын (-дарын) белгілеп кетіңіз ⤵️
⠀
#турист #туризм #бейнеу #саяхат #путешествия @ Beyneu, Mangghystaū, Kazakhstan
16/06/2019
Қараман Ата қорымы. Могильник Караман Ата. Karaman Ata tomb. @ Mangystau Region
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Telephone
Website
Address
Beyneu