ERTUR

ERTUR

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ERTUR, Travel Company, Almaty.

Photos from ERTUR's post 22/11/2020

Біздін кезекті демалыс 🔥🔥🔥

Photos from ERTUR's post 11/11/2020

Түнгі сырласу🔥

16/10/2020

🤗2-күндік Турға жазылып үлгеріңіздер!!!
⌚22-23 қазан
⌚29-30 қазан
📍2 Күндік турға не кіреді?
✔️Кофортты көлікпен барып, келу жолы.
✔️Ауыл үйі
✔️4-Мәрте ас
✔️Гид қызметі
✔️Костер, қызықты ойындар,
✔️Доп ойыны, ән, би
✔️Көтеріңкі көніл-күй, әсерлі демалыс.

✔️Намазды уақыттымен оқисыз.(су, жайнамаз.)
Барлық жағдай жасалған.

Тур бағыты!
1) Шарын шатқалы
2)Қайыңды
3) Көлсай
4)Қара коньон

⤵️Барлық сұрақтар
87079950714
87799033443 Ерлан

КЕТТІК БӘРІН ТАСТА😁
Естен кетпейтін 2-күндік демалыс болады!!! ✊✊
#туризмказахстана #демалыс✌ #қазақстан🇰🇿 #алматысити

14/10/2020

✔️ERTUR компанясының негізің қалаушы!!!

👨‍🦱Мен Ерлан Ерсайнов .erlan_e

🏖Бұл турдын негізгі мақсаты 🇰🇿Қазақстанның ең әдемі жерлерін таныстыру, ішкі туризмді дамыту, ең бастысы адамдарға көтерінкі көңіл-күй мен естен кетпейтін саяхат ұйымдастыру.
Шарын шатқалы,Қайыңды, Көлсай көлдеріне .Гид қызметін көрсетіп апарамыз.

😊Мен үшін әр адамның көніл күйі өте маңызды.
Маған сенім білдіргеніздерге алғысым шексіз.

Сіздерді жақсы көремін♥♥♥
#тур #қазақелі #алматысегодня

Photos from ERTUR's post 14/10/2020

✔️ERTUR компанясының негізің қалаушы!!!

👨‍🦱Мен Ерлан Ерсайнов .erlan_e

Бұл турдын негізгі мақсаты Қазақстанның ең әдемі жерлерін таныстыру, ішкі туризмді дамыту, ең бастысы адамдарға көтерінкі көңіл-күй мен естен кетпейтін саяхат ұйымдастыру.
Шарын шатқалы,Қайыңды, Көлсай көлдеріне .Гид қызметін көрсетіп апарамыз.

Мен үшін әр адамның көніл күйі өте маңызды.
Маған сенім білдіргеніздерге алғышым шексіз.

Сіздерді жақсы көремін♥♥♥
#алмата #танысу #туризм2020
#казахстан #қазақшамаркетологтар13

14/10/2020

✔️Қайыңды — Алматы облысындағы сел көшкіні жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған көл. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан. Жолаушының көз алдында біршама сюрреалистік көрініс тұрады: суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Алайда, суға түсем дегендерді өзгеше көрініс күтуде: олардың көз алдарына желдің самалымен есілген су бетінде шағылып, күн сәулесінен тараған кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнақтаған саз балшықпен басылған ағаштар діңгектері көрінеді. Берілген мәлімет әзірленіп жатқан уақытта, яғни 2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетті. Көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген, ал судан өсіп тұратын шыршалы пейзажы енді қалпына келмес. Бұл орынға апаратын жол да бүлінген[1]. Көлдің бірегейлігі мынада: шатқалды бөгеп тастаған табиғи бөгет пайда болғаннан кейін, бөгетті толтырған су көлді қалыптастырып, осы жерде өзен бойында өсіп тұрған шырша ағаштарын жоймаған. (Қайыңды өзені көлге құяды, биіктігі шамамен 20 метр екі жақты жартастық қысқыштан өтеді). Су ағып тұрған ағаштардың жоғарғы бөлігі бүйір бұтақтар мен қабығын жоғалтып алғандықтан ағаш ақ түске ие болған. Осындай панораманы көргенде, су басқан эскадрильяның көрінісі ашылады: жалаңаш ағаш бұтақтары батып бара жатқан кемелердің бағаналарына ұқсайды. Көлдің бетінің түсі үнемі өзгеріп тұрады және әдемі көк болып келеді. Бұл таңқаларлық түс жүз жыл бұрын суда болған әк және басқа минералдардан туындаған. Көлге жақындаған сайын, су мөлдір болады, кейде одан форельді де көруге болады. Су температурасының төмендігіне қарамастан, Қайыңды көлі сүңгуір әуесқойларымен танымал.
#туризм2020 #алматы🍎
#қазақстан #қазақ

14/10/2020

«Көлсай көлдері»

Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жыл 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі.

Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді.
Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады.сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.
#көлсай #туристы #демалыс

14/10/2020

✔️Шарын шатқалы туралы

Шарын шатқалы сияқты басқа табиғи ескерткіштерді табу қиын. Бұл 12 миллион жылдан асатын шөгінді жыныстардың жиналыуынан пайда болған деп саналады. Елестету қиын, бірақ таулы таулардың жалпы биіктігі 300 метрге жетуі мүмкін.

Шарын шатқалына баратын әрбір адам үшін ең қызықты орын – құлыптар аңғары. Бұл аңғардың ұзындығы бірнеше километрге жетіп, жалпы ені 20-дан 80 метрге дейін жетеді.

Шатқалда көптеген сирек өсімдіктер өседі. Олардың бірі – мұздық дәуірінен сақталып қалған күл ағашының реликтік түрі. Бұл өте сирек кездесетін өсімдік, сондықтан бірінші кезекте көруге болады. Өткен ғасырдың екінші жартысында Шарын шатқалында орналасқан Күл ағаш тоғайы табиғи ескерткіш деп жарияланды. Шарын шатқалына турлар сондықтан танымал. Тағы бір осындай тауды тек Солтүстік Америкада табуға болады. Қазақстанның көптеген экскурсиялары және Алматы облысының турлары міндетті түрде каньонға барады.
Туристердің ерекше қызығушылығын – Туранг тоғайы тардаты.
#туризм #алматы #қазақсатан

13/10/2020

✔️Саты ауылы
Көлсай мен Қайыңдыға бет алған кез келген жолаушының не туристің жол бойындағы Саты ауылына тоқтайтыны анық. Себебі, ауыл дәл осы қос туристік аймақтың ортасында, тоғыз жолдың торабы болып жатыр.

Аталған ауылдың мақтанып айтатын жетістігі де, мәселесі де бар. Бұл туралы арнайы зерттеу жұмыс жасап қайтқан Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы баяндайды.

Ауылдың аты шынымен Саты ма?

Google іздеу батырмасына «Саты ауылы» деп іздесеңіз, толық ақпарат ала алмайсыз. Тек ауылдың халық саны және аудан орталығы Кеген екені туралы ғана ақпарат аласыз.

Ауылда мың жарымға жуық халық тұрады. Кіре салған кезде «Саты» деген жазуға көзіңіз түседі. Алайда, жергілікті халық туып-өскен жерлерін бұлай атай қомайды. Себебі, ауылдың атауы – Таушелек.

Ауылға кірген бетте оң жақ бетте қос киіз үй тігілген. Туристерді қабылдайтын осы үйдің иесі Ербол мырзамен және ауыл тұрғыны Бауыржанмен сөйалесудің мүмкіндігі туды.

Ауылдың аты неге «Саты» деп аталған?

Ауылдың аты «Саты» болып кетті демесек, жергілікті тұрғындар үшін Таушелек. Таушелек деген атаудың өз жөні бар. Мынау іргеде ағып жатқан Шелек өзені, ал ар жағында Іле Алтауының сілемі. Осыдан кейін халық бұл жерді Таушелек деп атаған.

Саты деген атау қайдан шықты?

Бұл туралы нақты ақпарат жоқ. Тегінде бұл жерде қалмақтардың ордасы болған. Содан қалған атау болса керек. Кейін бәрі «Саты» деп жүріп, ақыры ресми түрде бекітіліп кетті. Тур агенттіктердің гид жасайтын, жол сілтейтін мамандары кейде өтірік қосып жібереді. Мәселен, «Саты» деген сөз ауылға жолдың саты секілді төменге қарай түсіп келуі деп айтады екен. Одан қалса рудың атымен байланыстырып жатады. Мұның бәрі өтірік.

Тағы бір мәселе, жолда «Жалаңаш» деген ауылдан өттіңіздер. Бұл жердің де атауы бұлай аталмауы керек еді. Шын аты – Жалағаш. Орыстар тілдері келмей «Жалаңаш» деп атап кеткен.

Ауылдағы туризм туралы айтып берсеңіз?

Алматы облысындағы «миллионер ауыл» деп айтып жатады. Сөздің жаны бар. Таушелек Қайыңды мен Көлсайға баратын жолдағы негізгі орталық. 2015 жылдан бастап жергілікті халық туристердің жиі келетінін түсінді. Әсіресе, шетелден көп келеді. Оларға жатын орын, тамақ, көлік, қыдыратын ат керек болды.

12/10/2020

🔥🔥🔥

12/10/2020

ERTUR

📍2 Күндік турға не кіреді ?
✔️Кофортты көлікпен барып, келу жолы.
✔️Ауыл үйі
✔️4-Мәрте ас
✔️Гид қызметі
✔️Костер, қызықты ойындар, ән, би
✔️ең бастысы өзіңізбен көтеріңкі көңіл-күйді ұмытпаныз😊

12/10/2020
Want your business to be the top-listed Travel Agency in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address


Almaty