AGP

AGP

Share

«Азиялық Газқұбыры» ЖШС / ТОО «Азиатский Газопровод» / Asia Gas Pipeline LLP

ТОО «Азиатский Газопровод» — проектная компания, с 2008 года управляет проектом строительства и эксплуатации Магистрального газопровода «Казахстан-Китай», а также предоставляет услуги по транспортировке транзитного газа и газа на внутренний рынок Республики Казахстан./Asia Gas Pipeline LLP is a project company, managing construction and operation of the Kazakhstan-China Gas Pipeline since 2008 and

Photos from AGP's post 18/08/2026

Жаңа жетістіктер толқынында 🏊‍♀️

«Азиялық Газқұбыры» ЖШС қызметкерлері Искандирова Айгуль мен Алкеева Аида Астанада өткен «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында әйелдер арасындағы 200 метр қашықтыққа жүзуден қола медальға ие болды.

Бұл әріптестеріміздің спорттағы табысты жолының жалғасы. Айгуль мен Аиданың спорттық жолында мол жарыс тәжірибесі мен корпоративтік спартакиадаларда қол жеткізген көптеген жүлдесі бар. Мәселен, қос спортшымыз да «QazaqGaz» ҰК» АҚ Спартакиадасында жоғары жүлдеге ие болған. Ал 2025 жылғы «Самұрық-Қазына» жазғы Спартакиадасында олар кезекті рет жүлдегер атанды. Айгуль 200 метр қашықтықта екінші орын, эстафетада үшінші орын иеленсе, Аида жүзуден қола жүлдеге қол жеткізді.

Спорт екі әріптесіміздің де өмірінде маңызды орын алады. Аида жүзуден бөлек, жүгірумен де айналысып, марафондарға қатысады. Almaty Half Marathon жарысында 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Айгуль мен Аиданы кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз 👏

*****
На волне новых достижений 🏊‍♀️

Сотрудницы ТОО «Азиатский Газопровод» Айгуль Искандирова и Аида Алкеева завоевали бронзовые медали в женском плавании на 200 метров на недавней Спартакиаде «Самрук-Қазына» в Астане.

Для наших коллег это продолжение успешной спортивной истории. За плечами Айгуль и Аиды серьезный соревновательный опыт и целая серия призовых мест на корпоративных спартакиадах. Так, например, обе спортсменки удостаивались высших наград Спартакиады АО «НК QazaqGaz», а на летней Спартакиаде «Самрук-Қазына» 2025 года вновь вошли в число призеров: Айгуль заняла второе место в плавании на 200 метров и третье - в эстафете, Аида завоевала «бронзу».

Спорт занимает важное место в жизни обеих девушек. Аида, помимо плавания, увлекается бегом и участвует в марафонах. На Almaty Half Marathon она преодолела 10 километров.

Поздравляем Айгуль и Аиду с достойным результатом и желаем новых победных стартов 👏

17/08/2026

🥈Күміс жүлде қоржында. QazaqGaz командасы мұнымен тоқтамайды!

QazaqGaz волейбол құрама командасы «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, QazaqGaz Aimaq және Intergas Central Asia қызметкерлерін біріктірді.

Астанада өткен «Самұрық-Қазына» жазғы Спартакиадасында QazaqGaz командасы ерлер арасындағы волейболдан күміс медальды жеңіп алды.

🏐Алда талай жаттығулар күтіп тұр. Жаңа жеңістер мен мақсаттарға бірге ұмтылайық!
*****
🥈«Серебро» уже в копилке. Но останавливаться команда QazaqGaz не собирается!

Сборная QazaqGaz по волейболу объединила сотрудников ТОО «Азиатский Газопровод», QazaqGaz Aimaq и Intergas Central Asia.

На недавней летней Спартакиаде «Самрук-Қазына» в Астане команда завоевала серебряную медаль в мужском волейболе.

🏐А теперь снова тренировка. Впереди новые игры и новые цели!

Photos from AGP's post 14/08/2026

СКС-4: тапсырма орындалды ✅

СКС-4 компрессор станциясында №3 газ айдау агрегатындағы ESDV040301 шар тәрізді кранды ауыстыру жұмысы аяқталды.

🔹 11–12 тамызда - от шығару жұмыстары орындалды;
🔹 13 тамызда - дәнекерленген қосылыстардың бүлінбейтін бақылау жұмыстары аяқталды;
🔹 Дәнекерленген қосылыстар белгіленген талаптарға сәйкес және әрі қарай іске пайдалануға жарамды деп танылды;
🔹 Барлық жұмыстар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды;
🔹 Жұмыс барысында ешқандай оқиға орын алған жоқ және қауіпсіздік талаптары толық сақталды.

Бұл - СКС-4 компрессор станциясы және «Тараз» ГТБ желілік-іске пайдалану қызметі қызметкерлерінің өзара бірлескен жұмысының тамаша нәтижесі.

Жоғарыда аталған жұмыстарды орындауға белсенді түрде қатысқан барлық мамандарға алғыс айтамыз!
*****
СКС-4: задача выполнена ✅

На компрессорной станции СКС-4 завершили замену шарового крана ESDV040301 на газоперекачивающем агрегате №3.

🔹 11–12 августа - выполнены огневые работы;
🔹 13 августа - завершен неразрушающий контроль сварных соединений;
🔹 Сварные соединения признаны соответствующими установленным требованиям и годными к дальнейшей эксплуатации;
🔹 Все работы выполнены в полном объеме и в установленные сроки;
🔹 Без происшествий и нарушений требований безопасности.

За результатом стоит совместная работа сотрудников компрессорной станции СКС-4 и службы ЛЭС УТГ «Тараз».

Благодарим всех специалистов, участвовавших в выполнении этих работ!

Photos from AGP's post 13/08/2026

Аптасына бес рет, жылдар бойғы тоқтаусыз дайындық - жеңіс тұғырында көрінуге жол ашты 🥇

«Азиялық Газқұбыры» ЖШС «Шымкент» ГТБ желілік құбыршысы Олжабек Әділет Маратұлы QazaqGaz құрамасы атынан «Самұрық-Қазына» жазғы спартакиадасында қол күрестен алтын медаль иегері атанды.

Әділет 80 келіден жоғары салмақта І орын иеленді.

Әділет қол күресімен 2016 жылдан бері айналысып келеді. Оған дейін дзюдомен шұғылданған. Спортқа деген қызығушылығын Әділетке бала кезінен әкесі оятқан.

Бүгінде жаттығу - оның өмірінің ажырамас бөлігі. Әділет аптасына бес рет жаттығып, күшін шыңдап, шеберлігін арттырады.

«Спорттағы ең қиыны - қарсыласпен емес, өзіңмен күресу: күн сайын бір жаттығуларды қайталап, алға қарай жылжуға деген ынтаны жоғалтпау, рухың мен денеңді үнемі шыңдау», - дейді чемпион.

Ол отбасылы, қазіргі таңда екі ұл тәрбиелеп отыр. Жаттығудан тыс уақытта жұбайы және балаларымен бірге уақыт өткізуді ұнатады.

Күн сайынғы табанды еңбегі мен үздіксіз жаттығулары өз нәтижесін берді. 2026 жылы Әділет «QazaqGaz» және «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қол күрестен абсолютті чемпион атанды. Спорттық мансабында ол түрлі жарыстарда бірнеше рет жүлдегер атанып, бірқатар марапаттарға ие болған.

Өзіңмен жұмыс жасау. Тоқтамау. Күн сайын күштірек болуға ұмтылу. Бәлкім, оның жеңіске жету формуласы осы шығар 🏆

Әділет, жеңісіңмен құттықтаймыз! Алда жаңа биіктерді бағындырып, толағай табыстар мен жеңістерге жете беруіңе тілектеспіз ✊

*****
Пять тренировок в неделю. Годы работы над собой. И результат - золото 🥇

Олжабек Әділет Маратұлы - линейный трубопроводчик УТГ «Шымкент» ТОО «Азиатский Газопровод» - в составе команды QazaqGaz завоевал золотую медаль летней Спартакиады «Самрук-Қазына» по армрестлингу.

Әділет занял 1-е место в весовой категории свыше 80 кг.

В армрестлинг он пришёл в 2016 году. До этого занимался дзюдо. Интерес к спорту ему еще в детстве привил отец.

Сегодня тренировки - неотъемлемая часть жизни! Пять раз в неделю Әділет работает над силой и мастерством.

«Самое сложное в спорте - бороться не с соперником, а с самим собой: день за днем повторять одни и те же упражнения, постоянно «прокачивать» и дух, и тело», - признается чемпион.

А после тренировок - семья. Әділет женат, воспитывает двух сыновей и любит проводить свободное время с близкими.

Результаты ежедневного труда говорят сами за себя. В 2026 году Әділет стал абсолютным чемпионом по армрестлингу на спартакиадах QazaqGaz и «Самрук-Казына». За годы спортивной карьеры он также неоднократно становился призером различных соревнований и был отмечен рядом наград.

Работать над собой. Не останавливаться. Становиться лучше с каждым днем. Похоже, это и есть его формула победы 🏆

Әділет, поздравляем и желаем новых высоких результатов ✊

Photos from AGP's post 06/08/2026

Бес жыл қатарынан жарақатсыз жұмыс – күнделікті еңбектің нәтижесі!

«Азиялық Газқұбыры» ЖШС-де Бас директор Өтепов Мират мырзаның төрағалығымен HSE жөніндегі Орталық комитеттің жетінші кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын шығарып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, экологиялық, өрт және көлік қауіпсіздігі салаларындағы жұмыс нәтижелерін талқылады.

Негізгі нәтижелердің бірі – компанияда бес жыл қатарынан өндірістік жарақаттану, жазатайым, жол-көлік және өрт оқиғалары бойынша нөлдік көрсеткіш сақталып отыр.

Сондай-ақ кездесуде қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудит (ҚМА) нәтижелері, ішкі және сыртқы аудиттердің қорытындылары, HSE саласындағы тексерулер қаралып, өндірістік тәуекелдердің алдын алу бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.

Басты назарға HSE басқару жүйесін дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру және мердігер ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту қойылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша екінші жартыжылдыққа арналған басым міндеттер айқындалды. Компания қауіпсіздік мәдениетін одан әрі нығайтып, әрбір қызметкердің үйіне аман-есен әрі дені сау оралуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.

06/08/2026

Кейде ең үздік идеялар кеңседе емес, қозғалыста туындайды. «Азиялық Газқұбыры» ЖШС бас директоры мен қызметкерлерінің бірлескен жүгіруі - күш-қуат жинауға, еркін пікір алмасуға және денсаулықты нығайтуға арналған тамаша мүмкіндік.
*****
Иногда лучшие идеи рождаются не в кабинете, а в движении. Совместная пробежка генерального директора и сотрудников ТОО «Азиатский Газопровод» - это возможность зарядиться энергией, пообщаться в неформальной обстановке и провести время с пользой для здоровья.

Photos from AGP's post 06/08/2026

🩸«Азиялық Газқұбыры» ЖШС-де Жастар кеңесінің бастамасымен донорлық қозғалысты дамытуға арналған акция өтті. Акцияның алғашқы кезеңінде қызметкерлер Assel Baiseitova Foundation қорының қатысуымен ұйымдастырылған сүйек кемігінің гемопоэздік (дің) жасушалары донорлығы туралы лекцияға қатысты.

Сарапшылар Ұлттық донорлар тізілімінің қалай қалыптасатынын, трансплантацияның кімдерге қажет болатынын және тізілімге қосылудың науқастарға өмір сүруге қалай мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Акцияның жалғасы ретінде Донор күні ұйымдастырылды. Компания қызметкерлері қан тапсырып қана қоймай, ерікті түрде гемопоэздік дің жасушалары донорларының Ұлттық тізіліміне де тіркелді. Осылайша, қатысушылар донорлық қан қорын толықтыруға үлес қосып қана қоймай, онкогематологиялық ауруларға шалдыққан науқастар үшін сүйек кемігін трансплантациялауға сәйкес келетін донорды табу мүмкіндігін арттырды.

Акцияға қатысып, игі іске үлес қосқан барша жанға алғысымызды білдіреміз! ❤️

*****

🩸В ТОО «Азиатский Газопровод» по инициативе Молодежного совета прошла акция, посвящённая развитию донорского движения. На первом этапе сотрудники приняли участие в лекции о донорстве гемопоэтических (стволовых) клеток костного мозга, организованной при участии фонда Assel Baiseitova Foundation.

Эксперты рассказали о том, как формируется Национальный регистр доноров, кому может понадобиться трансплантация и почему вступление в регистр даёт пациентам шанс на жизнь.

Продолжением инициативы стал День донора крови - сотрудники компании сдали кровь, а также добровольно вступили в Национальный регистр доноров гемопоэтических стволовых клеток. Таким образом участники акции внесли вклад не только в пополнение запасов донорской крови, но и повысили шансы пациентов с онкогематологическими заболеваниями найти совместимого донора для трансплантации костного мозга.

Спасибо всем, кто принял участие в акции и сделал доброе дело❤️

30/07/2026

Магистральды газқұбырында газдың шығып кетуі орын алса не істеу керек? Бұл сұрақтың жауабын «Азиялық Газқұбыры» ЖШС мамандары тәжірибе жүзінде тұрақты түрде пысықтап келеді.

«Тараз» ГТБ-да апатқа қарсы оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, «А» желісінің 477-шақырымында жанусыз шартты газдың шығып кетуі анықталды.

Мамандар Апатты жою жоспарына сәйкес, іс-қимылдардың толық алгоритмін пысықтады: газдың шығып кетуін анықтау, қызметтерді хабардар ету, апатты оқшаулау, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығу TAPLine аудиті аясында TAPLine және CNPC өкілдерінің қатысуымен өтті. Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің жоғары дайындық деңгейін сақтауға және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын жақсартуға көмектеседі.

*****
Как действовать, если на магистральном газопроводе произошла утечка? Ответ на этот вопрос специалисты ТОО «Азиатский Газопровод» регулярно отрабатывают на практике.

В УТГ «Тараз» прошла противоаварийная тренировка. По сценарию на 477-м километре нитки «А» была обнаружена условная утечка газа без возгорания.

Специалисты отработали полный алгоритм действий в соответствии с Планом ликвидации аварии: обнаружение утечки, оповещение служб, локализация «аварии», взаимодействие между подразделениями и проведение ремонтно-восстановительных работ. Особое внимание уделили соблюдению требований промышленной и пожарной безопасности.

Тренировка прошла в рамках аудита TAPLine с участием представителей TAPLine и CNPC. Такие учения помогают поддерживать высокий уровень готовности сотрудников и совершенствовать слаженную работу всех служб.

Photos from AGP's post 29/07/2026

Еңбектің еленіп, лайықты марапатқа ие болуы – әрбір маман үшін үлкен мәртебе.

Әріптесіміз Кулымкулов Канат «Төтенше жағдайлар
Министрлігіне – 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Канат Курмангалиевич «Азиялық Газқұбыры» ЖШС-де 11 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Компаниядағы еңбек жолын еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және экология жөніндегі инженер ретінде бастаған. Қазіргі таңда «Тараз» ГТБ-ның СКС-3 бастығының орынбасары қызметін атқарады.

Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз әрдайым бағаланып, кәсіби жолыңыз жаңа жетістіктермен толыға берсін. Ісіңізге толағай табыс, отбасыңызға амандық және зор денсаулық тілейміз!

*****

Когда многолетний и добросовестный труд получает заслуженное признание - это всегда повод для гордости!

Наш сотрудник Канат Кулымкулов удостоен юбилейной медали «30 лет Министерству по чрезвычайным ситуациям».

В ТОО «Азиатский Газопровод» Канат Курмангалиевич работает более 11 лет. Свой путь в компании он начал инженером по охране труда, технике безопасности и экологии. Сегодня занимает должность заместителя начальника СКС-3 УТГ «Тараз».

Поздравляем с заслуженной наградой! Пусть впереди будет еще больше профессиональных достижений, а труд и преданность делу всегда получают достойную оценку.

Want your business to be the top-listed Engineering Company in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Республика Казахстан, г. Алматы, проспект Абая 109в, МФК «Глобус»
Almaty
050008

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30