sultan.tilek_kz
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from sultan.tilek_kz, Clothing (Brand), Buxoro.
21/05/2022
Қымбатты әріптестер! Баршаңызды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың сан-ғасырлық мәдени мұрасын өз қалпында сақтап, ұлт болашағы үшін аянбай төккен тер мен атқарылған істеріңіз елене берсін!
20/01/2022
Ақ орамал, әдемі ақ орамал,
Пәле менен жаладан пана болар.
Отбасына бақ тілеп, анам тақсын,
Құтты болсын ырымдап ал,орап ал.
Жан болмасын , өсектен жала жабар,
Түспесін басыңнан ақ орамал,
Тартқызбасын қан жұтып,қайғы уайым,
Тартқызбасын құдайым қара орамал! деп ақын Алмас Темірбай жырлағандай 1ақпан халықаралық орамалдар күніне орай Анаға құрмет музейі Қазақстан қыз-келіншектеріне орамал тағу әдісінен челендж жолдайды.Анамыз таққан ақ орамалды сәнді де көркем таға алсаңыз челенджге қосылыңыз.
Мен өз кезегімде танымал Қолөнер шебері, Ұлағатты ұстаз .pol қызына жолдаймын!
21/11/2021
апайым киелі қажылық сапарына арнайы тапсырыспен тіктірді, қажылығыңыз қабыл болсын! Сәт сапар тілеймін!
08/11/2021
Әруақ бар екеніне сенесізбе?
Бүгін бір қызық уақыйға болды. Суреттегі бұл апай (сол жақта) Нұржұма Қызы Рахиза апай 1952-жылғы, Ұлы жүз Албан руының Жарты тармағынан, былтыр бір көрмеден танысып қалғанбыз, менің қолөнеріме, айрықша кимешектерге қызығып қатты тәнті болған, жәнеде өзінде сақтап жүрген әжесінің көне кимешегі бар екенін айтып, маған әкеліп көрсеткен, мен маған сатыңыз, көрмелерге алып жүрейін, үлгісін жаңғыртып тігейін деп жабыса кеткем, апай болса әжесінен қалған көз екенін айтып бергісі келмеген, сол бойы бұл жағдай ұмтылып қалған, ал апайдың болса түсіне әжесі кіріп «кимешекті сандыққа салып қоймай, осы балаға бер.» деп аян түс көре берген, содан бері мені таппай жүреді, өткендегі жәрмеңкеден көріп қалып қатты қуанып, болған жағдайды айтып номерімді алып кеткен, енді бүгін хабарласып сол кимешекті үйіме әкеліп берді, әжемнің аянын орындадым, кимешек киелі иесін тапты деп қуанып отыр, менде таңғалысымды жасыра алмадым, апайға өз қолымнан шыққан бір кимешекті сыйға тарттым. Ал бұл кимешектің иесі болған әжеміз Кебек Қызы Нағыйман апа(1899~04•12•1975) руы Албан ішінде Айт тармағынан. Өте шебер, ақ көңіл, бес намазын қаза қылмаған жан еді деп еске алды немере қызы 69жастағы Рахиза апай. Менде тылсым дүниеден рухы қолдап жатқан Нағыйман апаның әруағына арнап құран бағыштадым. Бір ғасырға жақын сақталған бұл кимешек менің бағалы да аяулы коллекциямнан орын алары сөзсіз.
23/10/2021
Жаңа топтамам. Ұлтының өнерін сүйген, қолөнерді бағалай білетін сәнқой Қыз-келіншектер үшін. #тюбитейка #қазақстандажасалған
09/09/2021
28.07.2021~03.08.2021 аралығында Стамбулда өткен «Буюк чекмеже халықаралық көрмесі» нен естеліктер.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Buxoro