Nazgul
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Nazgul, Digital creator, Жамбыл облысы, Taraz.
23/02/2026
Жаныма жақын жандарым… ❤️
Қарап отырсам, осы галереядағы ең ыстық, ең шынайы сәттерімді әлеуметтік желіге салмаппын.
Орны осы жерде болсын деп шештім.
Бұл суреттер — жай ғана кадр емес.
Бұл — күлкі, бұл — сағыныш, бұл — бірге өткен уақыттың иісі.
Қасымда болған әр сәт үшін шүкір.
Өмірдің мәні де, сәні де — жаныңдағы адамдар екен ғой.
Осындай сәттер көп болсын… ❤️
07/02/2026
Бала кезден мұғалім болуды армандаған жоқпын.
Бірақ өмір мені дәл осы жолға әкелді.
Ал қазір… мен мұғаліммін.
Бұл жай ғана жұмыс емес, бұл – жауапкершілік, сенім және күн сайын өзіңді қайта табу ✨
✨ Ұзақ жылдар бойы жұмыс әлемінен алыстап, өзіммен, өмірмен тынышталып жүрген едім. Уақыт өте, кейбір дағдылар ұмыт болғандай, кейбір білім ішімде ұйықтап қалғандай сезілетін…
Бірақ қазір — жаңа орта, жаңа адамдар, жаңа мүмкіндік. 🌿
Сол ұйықтап жатқан білімім біртіндеп оянып, өз орнын қайта тауып жатқандай.
Жұмысқа деген шабыт, үйренуге деген құштарлық, ортадан алған энергия — бәрі жанымды қайта тірілткендей әсерде қалдырады.
Кейде өмір бізді айналып өтіп кеткендей көрінеді, бірақ дұрыс сәт келгенде бәрі өз орнына келеді екен. 💫
Жаңа бастамаларға — жаңа күшпен!
Көп ойланып, аз сөйлейтін едім… бәрі басқаша болады екен.
Өмір кейде біз жоспарлағандай емес, мүлде өзге жолға салады. Іштей талай ой түйгенмен, уақыт өте келе сөздің емес, істің, қадамның құны арта түсетінін түсіндім.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Жамбыл облысы
Taraz
080000