arman__ospanoff

arman__ospanoff

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from arman__ospanoff, Sports, Shymkent.

28/08/2026

Марапат — еңбектің еленгені ғана емес, алдағы жұмысқа берілген үлкен жауапкершілік деп білемін.

Бүгін Құрылтай сайлауы аясындағы үгіт-насихат жұмыстарына белсенді атсалысқан азаматтар қатарында «Әділет» партиясы төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан Алғыс хатпен марапатталдым.

Сайлауалды науқан кезінде партияның бағдарламасын тұрғындарға түсіндіріп, халықпен кездесулерге қатысып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадық. Бұл кезең мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әсіресе, әртүрлі ортадағы адамдармен жүздесіп, олардың елдің болашағына қатысты ойларын тыңдау маңызды әсер қалдырды.

Осы орайда еңбегімізді бағалап, Алғыс хатпен марапаттаған партия басшылығына және партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мурат Жолдыхожаев Мұрат Жолдыхожаевқа алғысымды білдіремін.

Елге қызмет ету – бір науқанмен шектелмейді. Алдағы уақытта да қоғамға пайдалы бастамаларға өз үлесімді қосуға дайынмын.

23/08/2026
18/08/2026

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі басымдықтар менің азаматтық әрі саяси көзқарасыма толық сәйкес келеді. Мен еліміздегі спорт саласын дамыту жолындағы тетіктерді жетілдіруді қолдаймын! Осы ұстаным негізінде мен «Әділет» партиясын таңдап, оның мүшесі болдым.

Құрметті ағайын! Сіздерді де партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып, алдағы жоспарларына назар аударуға шақырамын. Ел болашағына қатысты маңызды таңдауда өз ұстанымыңызды білдіріп, «Әділет» партиясына қолдау көрсетуге шақырамын!

#әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ТаңдауымӘділет #заАдилет

Photos from arman__ospanoff's post 14/08/2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ!
Алматы қ.2026 жылғы 14 тамыз .

10/07/2026

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің жұмысына қатысу – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе.

Съезде бекітілген «Әділет» партиясының жаңартылған Сайлауалды бағдарламасы қоғамның сұранысына негізделген маңызды құжат деп есептеймін. Бағдарламада әлеуметтік қолдау, жастардың әлеуетін арттыру, денсаулық сақтау, білім беру, өңірлерді дамыту, сондай-ақ бұқаралық және кәсіби спортты қолдау бағыттарына ерекше мән берілген.

Спорт – тек жеңіс пен медаль ғана емес. Ол – тәртіп, еңбек, отансүйгіштік және салауатты ұлттың негізі. Сондықтан жас ұрпақтың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау, спорт инфрақұрылымын дамыту және дарынды спортшыларды қолдау – еліміздің болашағына салынған инвестиция.

«Әділет» партиясы ұсынған бастамалардың басты мақсаты – әрбір азаматқа тең мүмкіндік жасап, халықтың әл-ауқатын арттыру. Осындай игі мақсаттарды жүзеге асыру жолында әрқайсымыз өз саламызда адал еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосуымыз қажет.

Бірлігі бекем, болашағы жарқын Қазақстан үшін бірге еңбек етейік!

27/06/2026

Ердің туы - намыс !
Кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшысы Бауыржан Момышұлы атамыздың атынан өтіп жатқан еркін күрестен 🤼‍♂️ халықарлық турнир!

24/05/2026

Мұнайлы өлке – Атырауға келіп қалдық!
BATYR FIGHTING CHAMPIONSHIP жігіттеріне сәттілік , өсе беріндер!

MMA # # #2026

23/05/2026

Ризығын спорттан тапқан жігіттер!
СПОРТ БІРІКТІРЕДІ !

23/05/2026

BIR TOLQYNDA !!!!!
#жастаррухы
#2026

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Shymkent?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address


Shymkent