Realty Market

Realty Market

Share

🏡 Қазақстандағы тұрғын үй трендтері мен кеңестер.
🎥 Күн сайын пайдалы контент.
🔔 Жазылыңыз — маңыздыны жіберіп алмаңыз!

Photos from Realty Market's post 17/01/2026

“Қазақстанға кризис келді”, “әлемдік кризис 2025 жылы қазан айында басталды”, “шағын және орта бизнес жаппай жабылуда”, - деген сөздерге қарамастан статистика бұл жайлы басқаша ойлайды!!!

Толығырақ, комментарий бөлімінде ⬇️⬇️⬇️

Photos from Realty Market's post 15/06/2025

2025 жылдың сәуірімен салыстырғанда (36 839) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 7,7% азайған. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 161 – 21,1%) және Астана (6 077 – 17,9%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 654 – 7,8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 312 мәміле (0,9%).

2025 жылдың сәуірімен салыстырғанда мамырда мәмілелір санының ең көп өсімі Абай (+11,4%) облысында және Алматы (+2%) қаласында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау (-31,3%), Шығыс Қазақстан (-18%) және Атырау (-17,8%) облыстарында болды.

2025 жылдың сәуірімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 8,5% (2 423 мәмілеге) азайды. мамырда пәтерлер бойынша барлығы 26 241 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,2%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (25,1%), Астана (22,6%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың мамыр айында олар бойынша 10 168 мәміле ресімделген.

2025 жылдың сәуір айымен салыстырғанда мамырда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 5,3% (430 мәмілеге) азайды. Мамырда барлығы 7 745 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қарағанды (+18,3%), Жамбыл (+10,6%) және Алматы (+7,1%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау (-27,6%) және Жетісу (-24,7%), Қызылорда (-24,1%) облыстарында.
       
2025 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 9,4% көбейген, ол кезде 31 071 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Алматы облысында (45,3%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Атырау облысында (14%). 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғандағы өсім – 5%.

#недвижимость #тұрғынүй #дом #квартира #үй #уй #пәтер #Қазақстан #Казахстан #алматы #астана #шымкент

13/06/2025

Кеше Сенатта үлескерлерді қорғауға қатысты заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Құжат үлестік құрылыс саласын мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар қолма-қол ақшаны қабылдауға тыйым салынады. Демек алдын ала брондау, инвестициялау шарттары заңсыз болады. Сонымен қатар рұқсатсыз салынып жатқан үйлердің жарнамасына жол жоқ. Әрі бірыңғай оператордың кепілдігінсіз салынған жылжымайтын мүлікке ипотека рәсімдеу мүмкін болмайды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 99 үй рұқсатсыз салынған және 42 «сақалды» құрылыс бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мақұлданған заң үлестік құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді күшейтуді көздейді. Осы мақсатпен үлескерлердің құқықтарын қосымша қорғауды қамтамасыз ететін түзетулер топтамасы енгізілді. Заңда мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға қатысты қызметті оңтайландыруды көздейтін өзгерістер де бар. Сонымен қатар автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың негіздерін жетілдіруге бағытталған ережелер қарастырылды. Жалпы заң үлескерлерді сенімсіз құрылыс компанияларынан қорғауға, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және басқа да өзекті мәселелерді шешуге оң септігін тигізеді деп сенеміз.

Photos from Realty Market's post 15/05/2025

✨✨✨✨✨
⠀⠀⠀Қайырлы күн!

Назарларыңызға әдемі 6 бөлмелі пентхаусты ұсынамыз!

Элиталық тұрғын үйдегі үлкен пентхаус өте тиімді бағамен.

🪙 Құны: 165 млн ₸
🏡 Деңгейлер саны: 2
🌃 Қабаты: 5-6/6
🟫 Ауданы: 285 м²
📍 Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Мәншүк Мәметова көшесі №89
🏗️ Салынған жылы: 2014
📝 Сипаттамасы:

Қала орталығында отбасыңызбен тұруға немесе жалға беруге керемет пентхаус.

✅ 6 бөлме
✅ 3 жатын бөлменің жеке-жеке өз санинарлық торабы бар
✅ жалпы 4 сан/торап (сан/узел)
✅ 3 балкон
✅ барлық жиһаз, тұрмыстық техника

✅ банк арқылы сатуға келісім бар
✅ айырбастауға нұсқалар қарастырады
№580

☎️ +7 747 709 05 05
☎️ +7 777 709 05 05

12/04/2025

Бір айдың ішінде (2025 жылғы ақпан мен наурызды салыстырғанда) жаңа тұрғын үйді сату – 0,6%, ал пәтерлерді қайта сату 1,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі 1% арзандады.

2025 жылғы наурыз айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 27 739 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 5 897 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 21 842 мәміле жасалды. 2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда (29 022) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 4,4%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Астана (5 652 – 20,4%) және Алматы (5 069 – 18,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 130 – 7,7%) көш бастап тұр. Мәмілелер санының ең азы Ұлытау облысында – 357 мәміле (1,3%).

2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда наурызда мәмілелер санының ең көп өсімі Шығыс Қазақстан (+16,8%), Алматы (+11,4%) және Атырау (+11,3%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Жамбыл (-23,3%), Батыс Қазақстан (-18,4%) және Маңғыстау (-18,1%) облыстарында орын алды.

2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша мәмілелер саны 3,7% (848 мәмілеге) азайды. 2025 жылдың наурыз айында пәтерлер бойынша барлығы 21 842 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,7%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (25,3%), Алматы (21%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,3%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың наурыз айында олар бойынша 8 211 мәміле ресімделген.

Want your business to be the top-listed Realtor/realty Service in Shymkent?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Address


Shymkent

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 17:00