Jakekyzy Janar

Jakekyzy Janar

Share

Aсаба әйел/Тедди аю/Трансформерлер “ТАПСЫРЫС СІЗДЕН🥰АДАЛ ҚЫЗМЕТ БІЗДЕН”

02/05/2026

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

3 мамыр күні сағат 14:00-де
“Mama Podium” гипермаркеті мен “TOGYZ” дүкенінің
ресми ашылу салтанаты өтеді!

Сіздерді қуанышымызға ортақ болуға шақырамыз!

Сіздер үшін:
– 30%-ға дейінгі жеңілдіктер
– Тегін палау
– Балаларға арналған аниматорлық шоу
– Қызықты ойындар мен сыйлықтар

Отбасыңызбен келіп, мерекелік көңіл-күйді бірге бөлісіңіздер! 💫

Photos from Jakekyzy Janar's post 17/04/2026

17.04 – менің жүрегімнің туған күні 🤍

Біз ең алғаш қол ұстасып, отбасылық өмірге қадам басқанда қолымызда да, картамызда да, депозитімізде де ештеңе болған жоқ. Бірақ бізде бәрінен қымбат – махаббат пен «бәрін нөлден бастаймыз» деген үлкен сенім болды.

Сол сенім бізді алға жетеледі. Қандай сынақ кездессе де сынбай, бір-біріміздің қолымызды жібермей, бірге жүріп келеміз. Міне, сол күндерге 12 жыл болыпты…

Аллаға шүкір, бүгінде дені сау екі ұлымыз, армандаған өз үйіміз, сүйікті жұмысымыз және мінетін көлігіміз бар. Алда да барлық жоспарларымыз орындалады деген сенімдемін…

Осы жылдар ішінде біз бір-бірімізге тірек болдық. Тыңдау керек кезде тыңдап, үнсіз қалу керек кезде үнсіз қалуды үйрендік. Таңға дейін сырласып, кейде ойланбастан «жүр, кеттік» деп қаңғырып кеткен сәттеріміз де болды. Ауырғанда бір-біріміз үшін алаңдап, түн ұйқымызды бөліп, дұға жасаған кездеріміз әлі есімде…

Шүкір, мен бақыттымын. Еріме еркелеп, мәнді де мағыналы 12 жыл өмір сүрдім деп айта аламын. Алдағы уақытта да отбасылық өміріміз осылай мәнді жалғасып, «99 жылдығымыз биыл» деп отыратын жасқа бірге жетейік…

Менің арман-мақсаттарым үшін аянбай еңбек ететін, ауырсам ұйықтамай жанымнан табылатын, мен қуансам одан сайын қуаныш сыйлауға тырысатын, жыласам иығын тосатын – менің тірегім, менің жүрегім…

Сізді құрметтеймін, шын жүректен жақсы көремін ❤️
Туған күніңізбен, менің бақытым 🫂❤️

Photos from Jakekyzy Janar's post 16/04/2026

“Дастархан басында достармен айтылар әңгіме — өсек емес, өсиет болсын”… Айналамдағы достармен басымыз бірігіп қалсақ, кәсіптегі жетістіктер, кедерлігер, табыс көздерін толықтыру жайлы жәйттар талқыланады. Бұлда бір өрлеу, өсу процесіндегі стратегияны жүйелеу..

Сондай күндердің бірі емес, бірегейі болды.
Рахмет сендерге — әр сәті жүректе сақталар естелікке айналды. РИЭЛТОР-ШЫМКЕНТ Бибигуль Рахмееет сендерге❤️

01/04/2026
20/03/2026

Көңіл-күй осы әндегідей болып тұр..
Наурыз мерекесі құтты болсын!

11/03/2026

Сен менің ең әдемі тағдырым сиысың, Аллам сені бізге сыйлап, өмірімізге жарық нұр төкті, сансыз шүкір❤️
Туған күніңмен, жаным балам!

Photos from Jakekyzy Janar's post 09/03/2026

🌷 8 Наурыз құтты болсын, сұлу әйелдер!

Әйел жыласа – әлем мұңаяды.
Әйел күлсе – әлем нұрланады.

Сондықтан, арулар, әрдайым күліп жүріңіздер!
Сіздер бақытқа, махаббатқа және ең әдемі өмірге лайықсыздар.

Өмірлеріңіз гүлдей құлпырып,
Жүректеріңіз әрқашан жылуға толы болсын!

Бақытты болыңыздар, сұлулар! 💐✨

16/01/2026

«Мен өз әлемімде бақыттымын — жүрегім тыныш, арман-мақсаттарым біртіндеп орындалуда.
Аллаға мың да бір шүкір ❤️

Бақытты сырттан емес, табыстан да, атақ-даңқтан да емес — өз әлеміңнен ізде.
Сонда ғана шынайы бақытты боласың…»

#жәйғанакүлімде
#өзіңдісүй❤️

11/11/2024

Бұл апкеммен қалай таныстым…🤗 Яғни Ардақ апкеммен…😍

Тәп-тәтті ұлы арқылы таныстым🥰. Кезекті туған күн, тапсырыс клиентім болды. Әрбір клиентке ықыласым ерекше білесіздер… ❤️

Той саласында қатысты қандайда мәселе болса, бірден маған хабарласады мен ұшып барамын, шешіп беруге тырысатынмын😀….

Бір қызық айтайын, мен білетінмін. мамандығы журналист екенін апкемнің, алайда “УАҚЫТ” теларнасының басшысы екенін “Кешкі шай” бағдарламасына байқап, бүгін білгенсің ғой өзінен сұрап😂.

Соншалық қарапайымдылығын айтамында🥹 Білдіртпей, барлығына шын жанашырлықпен қарауы. Қолынан келсе көмегін аямайтын Қайсар қыз екені қайран қалдырды…🫂

Аллаға шүкір той саласында жүріп, өте керемет Жандарға қызмет жасап, таныс, аралас болып тек қуаныштарында қызмет жасаудың қандай бақыт❤️

Бастысы қарапайымдылықты ұмытпай, адал қызметті ту қылып, сыйластықты жоғары ұстайтын Жандар көөөп болсыншы…

Мен өз ісімді сүйемін❤️

Айтқандай “ Уақыт” теларнасындағы “Кешкі шай” бағдарламасында той саласында ашуымды келтірген жәйттарды, және ата-енем, күйеуімнің аниматор саласына келудегі жолыма көз-қарастарын айтып тастадым. Және “Байкен хол” ресторан админінің былығын айттым😱 Барлығы шынайы сұхбат болды… 🤗

Ютуб каналға ссылка профиль астында тұр… Көріп бағасын айтыңыздар!

#сұхбат
#байкенхолл
#аниматор
#асабақыз

Want your public figure to be the top-listed Public Figure in Shymkent?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address

Shymkent