Ntime.kz
Информационное агентство Ntime.kz
ТОО «Самир Пресс»
Директор-главный редактор Жайлыбаева Жибек
27/03/2026
Қадірлі ағайын, құрметті жерлестер!
Түркістандықтар әрқашан бірлігімен, елдігімен дараланған.
Бүгін біз тағы бір тарихи белестің алдында тұрмыз.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституцияға арналған республикалық референдум өтеді.
Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын аса маңызды тарихи қадам.
Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформалар – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған.
Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жүзеге асуы.
Жаңа Конституциялық модель арқылы біз Әділетті Қазақстанды құрудың берік негізін қалаймыз. Бұл құжаттың басты ерекшеліктеріне тоқталсақ:
Біріншіден, адам құндылығы бәрінен жоғары қойылады. Бұдан былай «мемлекет адам үшін» жұмыс істейді. Әр азаматтың құқығы мен қадір-қасиеті бәрінен биік тұрады.
Екіншіден, әлеуметтік жауапкершілік күшейеді. Мемлекеттің халық алдындағы міндеттері кеңейіп, қоғамдағы теңсіздікті азайтуға бағытталған нақты тетіктер бекітіледі.
Үшіншіден, білім, ғылым және инновация балаларымыздың сапалы білім алып, ғылым жолында еркін қанат қағуына жол ашады.
Төртіншіден, тәртіп пен әділдік қағидаты, яғни заң үстемдігі мен табиғатқа ұқыпты қарау алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіледі.
Құрметті қауым!
Түркістан – қазақ руханиятының қара шаңырағы, мемлекеттігіміздің алтын бесігі.
Кезінде Тәуке хан атақты «Жеті жарғыны» дәл осы киелі мекенде қабылдап, ел ішінде әділдікті орнатқан еді.
Бүгінгі конституциялық реформалар – сол бабалар аманатының заманауи жалғасы.
Қазір Түркістан облысы көз алдымызда түлеп, түрленіп келеді. Жаңа жолдар салынып, кәсіпорындар ашылуда. Ауыл шаруашылығы мен туризм жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Шаһарымыз түркі әлемінің мақтанышына айналды.
Осы оң өзгерістердің бәрі – біздің бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың жемісі.
Құрметті жерлестер!
Әділетті Конституция – мықты мемлекеттің кепілі. 15 наурыз күні референдумға келіп, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын.
Бұл – сіздің, балаларыңыз бен немерелеріңіздің жарқын болашағы үшін жасалған маңызды қадам.
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Нұралхан КӨШЕРОВ,
Түркістан облысының әкімі
11/03/2026
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді
11/03/2026
Электроводы подарили электромобиль олимпийскому чемпиону Михаилу Шайдорову Экологическая компания Arilan Energy подарила электромобиль олимпийскому чемпиону Михаилу Шайдорову в знак признания его выдающихся спортивных достижений
10/03/2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Нұралхан Көшеровтің айтуынша, өңірдің
10/03/2026
Индустрия және тамақтану колледжінде жаңа Конституция жобасы талқыланды Алдағы республикалық референдум қарсаңында елдің болашағын айқындайтын маңызды саяси науқанға байланысты білім беру ұйымдарының ұжымдарында кездесу
09/03/2026
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері еліміздің жаңа Конституциясына арналған «Халықтың Ата Заңы» атты бірлескен әнді жазды. Жоба өтіп жатқан
07/03/2026
Неке ер адам мен әйелдің ерікті одағы Жаңа Конституцияда неке – ер адам мен әйелдің ерікті, өзара келісімімен жасалатын одақ ретінде қарастырылған. Бұл әр азаматтың жеке таңдауына құрмет
07/03/2026
Конституция елдің даму бағыттарын айқындайды Жаңа Конституция еліміздің дамудың негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды құжат болып табылады. Ол әлеуметтік, экономикалық, мәдени және экологиялық
07/03/2026
Түркістанда «Әлемнің жарығы – ана» мерекелік кеші өтіп, ханымдар мен аруларға құрмет көрсетілді Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің жарығы – ана» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, өңірдің дамуына үлес қосып
07/03/2026
Түркістандағы стадионда 7 мың адам референдумға қолдау көрсетті Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының І туры аясында «Ақтөбе» мен «Тобыл» футбол клубтарының кездесуі өтті.
07/03/2026
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Жибек жолы б/н
Shymkent
160000