Semey Medical University

Semey Medical University

Share

Semey Medical University is one of the biggest higher medical education establishments of Kazakhstan

Semey State Medical University is one of the biggest higher medical education establishments of Kazakhstan Republiс, which has its own teaching hospital with the branches in the Pavlodar city. The biggest dynamics of university’s infrastructure development is given to intensive growth opportunities of the educational, scientific and innovational prosperity. There are 8 faculties with more than 36

25/06/2026

Государственная молодежная премия «Дарын» присуждается ежегодно в целях государственной поддержки талантливой молодежи за плодотворную научную, творческую, общественную деятельность, а также за высокие спортивные достижения.

Конкурс пройдет по 10 номинациям: «Литература», «Наука», «Дизайн и изобразительное искусство», «Журналистика», «Классическая музыка», «Общественная деятельность», «Спорт», «Театр и кино», «Эстрада», «Народное творчество».

На соискание премии претендуют граждане Республики Казахстан в возрасте до 35 лет на момент окончания приема заявок, являющиеся лауреатами международных и республиканских конкурсов, фестивалей и выставок, призерами и победителями спортивных соревнований республиканского и международного уровней, а также кандидаты, деятельность которых является инновационной и способствует развитию соответствующей отрасли и общества в целом.

Кандидатуры на соискание молодежной премии «Дарын» выдвигаются центральными, местными и иными государственными органами, общественными объединениями и иными юридическими лицами, зарегистрированными на территории Республики Казахстан, и представляют следующие документы в бумажном и электронном виде:

1) копию документа, удостоверяющего личность кандидата;
2) регистрационную заявку на соискание Государственной молодежной премии «Дарын» по форме согласно приложению к настоящим Правилам
3) ходатайство и справку о достижениях соискателя премии;
4) копии наградных дипломов, грамот, благодарностей (при наличии);
5) копии статей, публикаций кандидата или о кандидате (при наличии);
6) копию справки о наличии банковского счета;
7) подтверждающие материалы о достижениях кандидата (при наличии).

Лицам, удостоенным премии, присваивается звание «Лауреат Государственной молодежной премии «Дарын», вручается диплом, нагрудной знак и денежная премия.

Премия «Дарын» была учреждена в 1992 году. В разные годы лауреатами данной премии становились более 360 человек из различных сфер.

Документы соискателей принимаются (бумажный вариант) с 17 июня по 17 сентября (включительно) 2026 года Министерством культуры и информации Республики Казахстан по адресу: г. Астана, проспект Мәңгілік ел 8, здание «Дом министерств» 14-подъезд, (электронный вариант) по почте [email protected].

Телефоны для справок: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43 (в рабочие дни, с 9:00 ч. до 18:30 ч.).

Правила присуждения Государственной молодежной премии «Дарын»:

https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/861853?lang=ru

Пресс-служба Министерства культуры и информации РК

Photos from Semey Medical University's post 25/06/2026

🏛️ 2026 жылы Семей медицина университеті халықаралық Times Higher Education Impact Rankings рейтингінде айтарлықтай ілгерілеу көрсетіп, әлем университеттері арасында 1501+ тобынан 1001–1500 тобына көтеріліп, өз позициясын жақсартты.

Университет ең жоғары нәтижелердің бірін Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-мақсаты – «Сапалы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша көрсетіп, 301–400 тобына енді. Бұл жетістік университеттің медициналық кадрларды даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту, қоғамдық денсаулықты нығайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды іске асыру салаларындағы жоғары деңгейдегі қызметін айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, ТДМ 5 – «Гендерлік теңдік» және ТДМ 8 – «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» көрсеткіштері бойынша нәтижелердің жақсарғаны байқалды. Бұл университеттің тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті дамыту және қолайлы білім беру әрі кәсіби ортаны қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.

Семей медицина университеті алғаш рет ТДМ 10 – «Теңсіздікті азайту» мақсаты бойынша ұсынылып, 301–400 тобына енді. Сондай-ақ ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» бағыты бойынша 801+ позициясын иеленді. Бұл нәтижелер университеттің инклюзивтілік, әлеуметтік әділеттілік, ашық басқару және қоғаммен тиімді өзара іс-қимыл қағидаттарына берік ұстанымын растайды.

Қол жеткізілген көрсеткіштер университеттің сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, халық денсаулығын нығайтуға, ғылыми әлеуетті дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған тұрақты даму стратегиясының тиімділігін дәлелдейді. Times Higher Education Impact Rankings рейтингіндегі позициялардың жақсаруы Семей медицина университетінің халықаралық беделін нығайтып, оның Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін растайды.

——

🏛️В 2026 году Медицинский университет Семей продемонстрировал существенный прогресс в международном рейтинге Times Higher Education Impact Rankings, улучшив свои позиции и поднявшись из группы 1501+ в группу 1001–1500 среди университетов мира.
Наиболее значительные результаты университет показал по Цели устойчивого развития (ЦУР) 3 «Хорошее здоровье и благополучие», заняв позицию в группе 301–400. Данное достижение отражает высокий уровень деятельности университета в области подготовки медицинских кадров, развития научных исследований, укрепления общественного здоровья и реализации социальных инициатив, направленных на повышение качества жизни населения.
Также отмечено улучшение показателей по ЦУР 5 «Гендерное равенство» и ЦУР 8 «Достойная работа и экономический рост», что свидетельствует о последовательной работе университета по обеспечению равных возможностей, развитию кадрового потенциала и созданию благоприятной образовательной и профессиональной среды.
Впервые Медицинский университет Семей был представлен по ЦУР 10 «Уменьшение неравенства», где вошёл в группу 301–400, а также по ЦУР 16 «Мир, правосудие и эффективные институты», заняв позицию 801+. Эти результаты подтверждают приверженность университета принципам инклюзивности, социальной справедливости, прозрачного управления и эффективного взаимодействия с обществом.
Достигнутые показатели являются подтверждением эффективности реализуемой университетом стратегии устойчивого развития, направленной на обеспечение качественного образования, укрепление здоровья населения, развитие научного потенциала, социальной ответственности и международного сотрудничества. Улучшение позиций в рейтинге Times Higher Education Impact Rankings способствует укреплению международного авторитета Медицинского университета Семей и подтверждает его вклад в достижение Целей устойчивого развития Организации Объединённых Наций.

Photos from Semey Medical University's post 24/06/2026

Семей медицина университетінің спорттық лагерінде Басқарма Төрағасы – Ректор Алтай Дюсуповтың қолдауымен университет ардагерлері мен «Күміс университет» жобасының қатысушыларына арналған Медицина қызметкері күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Басқарма Төрағасы жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және медициналық білім мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Ол университеттің өз ардагерлерін әрдайым жоғары бағалайтынын, ұрпақтар сабақтастығының үздік дәстүрлерін сақтай отырып, бүкіл ғұмырын медицина мен қоғамға қызмет етуге арнаған жандарға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ардагерлерге құрмет ретінде алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Іс-шараға қатысушылар үшін концерттік бағдарламалар мен сергіту жаттығуларын қамтыған мазмұнды мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұйымдастырылып, баршаға көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.

Мереке барысында ардагерлер мен «Күміс университет» жобасының қатысушылары еркін жағдайда пікір алмасып, естеліктерімен бөлісіп, ақжарма тілектерін жеткізді. Қатысушылар университет басшылығына және ұйымдастырушыларға көрсеткен ықыласы, қамқорлығы мен осындай жылы әрі тағылымды кездесуді ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

22/06/2026

Сегодня свой день рождения отмечает выдающийся ученый, педагог и наставник — доктор медицинских наук, профессор, академик Российской академии естествознания, заслуженный профессор, основатель научной школы «Адрено-тиреоидная система и механизмы адаптации к стрессорным воздействиям» Салават Оразович Тапбергенов.

Салават Оразович посвятил свою жизнь развитию медицинской биохимии, науки и высшего образования. Его имя неразрывно связано с созданием первых отечественных учебников по медицинской биохимии на русском и казахском языках, подготовкой многих поколений специалистов и внедрением в практику инновационных биохимических методов исследований.

Научные достижения профессора Тапбергенова получили широкое международное признание и отмечены высокими государственными и общественными наградами. Его вклад в развитие отечественной науки и образования является примером преданности профессии, высокого профессионализма и служения обществу.

От имени университета сердечно поздравляем Салавата Оразовича с Днем рождения!

Желаем крепкого здоровья, благополучия, неиссякаемой энергии, новых научных достижений, вдохновения и долгих лет активной творческой деятельности. Пусть рядом всегда будут родные, друзья, коллеги и благодарные ученики!

С глубоким уважением и признательностью, коллектив Медицинского университета Семей

21/06/2026
19/06/2026

Бүгін Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін, Университеттік госпиталь мамандарын, денсаулық сақтау саласының ардагерлерін, практикалық денсаулық сақтау өкілдерін, сондай-ақ облыс пен қала әкімдіктерінің өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.

Іс-шара барысында университет басшылығы, сала ардагерлері, Абай облысы әкімдігі мен Семей қаласы әкімдігі өкілдері ұжымға арнап құттықтау мен алғыс сөздерін жеткізді. Сөз сөйлеушілер медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін, мамандыққа адалдығын, денсаулық сақтау саласын дамытуға және болашақ мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Іс-шараның негізі ретінде марапаттау рәсімі өтті. Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Университеттік госпиталь мен университеттің бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды. Медицина қауымдастығының үздік өкілдеріне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері мен медальдары, сондай-ақ Қ

Photos from Semey Medical University's post 18/06/2026

Медицина қызметкері күні қарсаңында медицина қауымдастығының өкілдерін, сала ардагерлері мен құрметті қонақтарды біріктірген салтанатты іс-шаралар өтті.

Мерекелік іс-шаралар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық денсаулық сақтау саласының үздік өкілдерінің еңбегін жоғары бағалады. Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі және кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін медицина қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында Семей медицина университетінің Павлодар филиалының профессоры Сағит Иманғазинов та бар. Ол «Құрмет» орденімен наградталды.

Бағдарлама аясында COVID-19 пандемиясы кезінде ерлік пен жанқиярлық танытқан медицина қызметкерлерін еске алу рәсімі ерекше орын алды. Іс-шараға қатысушылар кәсіби борышына соңына дейін адал болып, пациенттердің денсаулығы мен өмірін сақтау жолында өз өмірлерін қиған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мерекелік іс-шаралардың жалғасы ретінде Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты жиын өтті. Оның барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады. Марапаттау рәсіміне орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Медицина қызметкерлеріне ордендер, медальдар, төсбелгілер табысталып, денсаулық сақтау саласының түрлі бағыттарындағы жетістіктері үшін тағайындалған кәсіби номинациялар жеңімпаздары да марапатталды.

18/06/2026

«Балалар травматологиясы» мамандығы бойынша резидентура.

Резидентура по специальности «Травматология (детская)»

Want your school to be the top-listed School/college in Semey?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Address


Kazakhstan, Abay Street 103
Semey
071400