Altay

Altay

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Altay, Nur-Sultan.

Photos from Altay's post 02/09/2024

Қадамың құтты болсын, балам!
Зейінің ашылсын, білімге құмар бол!

Білімің тереңдеген сайын өмір қызықтырақ бола түседі. Ата-әжең, ата-анаң, барлық жақындарың сенен үлкен үміт күтеміз, саған сенеміз.
Абай атамыздың мына сөздерін ұран етіп алғайсың:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Барлық мұғалімдерді, оқушыларды, білім жолындағы азаматтарды құттықтаймын! Жақсылыққа, қуанышқа толы оқу жылы болсын!

15/12/2023

Жаралған намыстан, қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жыныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау алыппыз!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Егемендігіміз мәңгі болғай!

15/07/2023

Дидар Өміржан

Дидармен 2021 жылы Спартаның “Мирный войн” тренингін бірге өткенбіз. Тренингтің бірінші күні өзінің талпынысымен көзге түсті. Содан бері екі жылға жуыр уақытта сол тренингті бірге өткен жігіттердің біразымен жақын араласып кеттік.
Жалпы, кез келген сондай жиындарды алатын теориялық/практикалық біліммен қатар таныс адамдардың санын арттыру, яғни нетворкиң жасау өте маңызды.

Қазір Дидар республикалық деңгейде форумдарды жүргізеді. Сұранысқа ие маман.

Photos from Altay's post 22/05/2023

“Денсаулығың бар кезде жүгірмесең, аурушаң болғанда жүгіруіңе тура келеді.”

Бұл менің сөзім емес, көне Рим ақыны Горацийдің сөзі. Біздің заманымызға дейінгі кезеңде айтып кеткен екен.

Алып қосарым жоқ.

Жиырма бірінші ғасырдың үлкен проблемаларының бірі - қозғалыс азаюы себебінен адамдардың аурушаң болуы екен. Оның орнын толықтыру үшін кофе, түрлі энергетиктер, препараттар қолданып, жағдайды одан әрі ушықтырамыз.

Ерте ме, кеш пе білмедім, әйтеуір аздап жүгіруді қолға алғалы тәнімде де, санамда да өзгеріс барын сезініп, шүкір етемін. Неге ерте бастамадым деп өкінбеймін, бастысы әлі кеш болмаса болды. Осы орайда осыған себепші болған орта - Спартаға алғысым шексіз.

Кеше бірінші рет жарты марафонды жүгіріп өттім. Алған әсерімді жеткізе алмаймын.

Сізді де уақытты созбай қимылдауға шақырамын!
Себебі жүгіру арқылы денемізде жасырынып жатқан ауруларды табады екенбіз. Тізең ауырды ма, демек ертең қырыққа не елуге келген шағыңда дәл сол тізеңнен зардап шегуің мүмкін еді, сен соны қазір жүшіру арқылы емдеп ал. Ентігесің бе, жаттығу жасап өкпеңді жақсарт.

Обшым, жүгіру арқылы өзіңе жиагноз жаса жа, сол жүшіру арқылы емдел!

15/05/2023

Қорқыныш жайлы

Біздің миымыздың 🧠 ең негізгі миссиясы - бізді өлімнен сақтау. Сондықтан да ол бізге қауіпті нәрсенің бәрін әсірелеп көрсетеді де, барынша бізді қорғаштауға, сәйкесінше жайлы ортада ұстауға тырысады.

Қарынды ашырмау, ұйқыны қандыру, қауіпті жерге жібермеу, ыстықтан, суықтан қорғау сияқты нәрселерді сол миымыз бізге бұйырып тұрады.

Қарапайым ғана мысал: жылы суда душқа түсіп жатып кранды суық суға бұрып қалғандағы болатын реакция - сол мидың қорғану механизмі. Жүрекке сигнал жіберіп, барынша қанды жылдам айдап, өкпеге жіберетін сигналы арқылы тез әрі терең демалдырып, ағзамызды оттегіне қандыру сияқты амалдарды жасайды.

Бұлар автоматты түрде жүретін физиологиялық процестер.

Одан бөлек менталды процестер бар. Белгілі бір істі бастап кетуден қорқу, парашютпен секіруден қорқу, бір кісімен сөйлесуден қорқу, танысудан қорқу, спортпен шұғылданудан қорқу, ерте тұрудан қорқу, ораза ұстаудан қорқу… тағы сол сияқты кете береді. Біз оның қорқыныш екенін мойындағымыз келмейді, алайда ол да сол миымыздың бізді комфорттан шығармауға жасап жатқан амалы екенін түсіруіміз керек. Ал біз оны жағдайды толық зерттедім, сараладым деп ақтап аламыз.

Белгілі бір деңгейде жетістікке жеткен адамдар - сол қорқыныштың бар екенін мойындап, соған қарсы ерік-жігерін жұмсаған адамдар. Солайша қорқынышын жеңу арқылы деңгейін өсіргендер.

Соңғы уақытта өте көп жерден байқаным: қорқыныш бар жерде - өсу бар. Осы қағиданы көп кезіктірдім.

Ендеше, ағынмен жүзе бермей, бір сәт тоқтап, ойыңызды жинақтап, осы күнге дейін неден қорқып жүрсіз, қандай әрекет сізге ыңғайсыздық тудырады, соларды тізіп жазып, ақырындап сол қорқыныштарыңызды жеңуге тырысыңызшы. Нәтижесін көресіз.

Суретте мен де қорқыныштарыма қарап тұрмын.

Қандай қорқынышыңыз бар екенін комментарийге жаза кетіңіз! 👇🏻

08/05/2023

Армандарымыз қағазға түспейінше орындалмай қалу қалу ықтималдығы көп. Қағазға түскен арманның жанына датасын жазсаңыз ол мақсатқа айналады. Мақсат орындалу үшін оған жетудің жолдарын жазсақ, ол жоспар болады. Жоспарды жүзеге асыру үшін еңбек пен тәртіп керек. Алайда бәрі, ең басынан бастап ниетке байланысты. Ниетіміз ақ болсын!

01/05/2023

Минималды дамытулар концепциясы

Бұл концепцияны 1997 жылы велоспорттан Ұлыбритания ұлттық командасына консультант болып келген Дэвид Брэйлсфорд ұсынған.

Ұлыбританияның велоспорттан бір ғасыр бойы нәтижесінің өте нашар болғаны сонша, тіпті велосипед шығаратын ең мықты зауыт бұл құрамаға велосипед сатудан бас тартқан.

Брейлсфорд бүкіл жауапкершілікті спортшының мойнына салып қоймай, нәтижеге әсер ететін барлық салада 1% болса да дамытуды қолға алады.

Спортшылардың жаттығуларынан бастап ұйықтайтын матрастарын, буындары мен бұлшықеттеріне жағатын гельдерді дұрыстап таңдайды. Ең мықты мамандарды алып қолды дұрыс жууды да үйретеді.

Нәтиже көп күттірмейді. Афинадағы Олимпиада ойындарында жеке спортшылары екі алтын, командалық ойын бойынша екінші орын, жұптасып жүруден (Медисоннан) британдық жұп қола ұтады.

Тағы төрт жылдан кейін Олимпиада Лондонда өтеді. Британдық велошабандоздар бұл жолы тректі жүрісте он алтынның жетеуін алады. Бұлардан бөлек екі Олимпиада арасында да британдықтар бірнеше жүлделер алып, элита қатарына кіреді.

Мұның бәрін Брейлсфорд әр салада аздап дамудың нәтижесі деп түсіндіреді.

Бұл әдісті кез келген адам өз өміріне қолданса болады: Бірден бір салаға бар күшін салмай, аздап ұйқыны, аздап тамақты, білім алуды, семьялық қатынастарын, осылайша әр саланы аздап дамыту арқылы жалпы өмір жағдайын жақсарта алады.

Бұл жағдайды “Атомные привычки” кітабынан алдым. Онда сол әдеттер жайлы айтылады. Күнделікті әдеттерімізді аздап түзету арқылы түбегейлі өзгеруге болады.
Ендеше, мархабат, қолданайық.
Себебі, адам өмір бойы жасайтын әрекеттердің 80% ін әдет бойынша жасайды екен!

Want your business to be the top-listed Photography Service in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Website

Address

Nur-Sultan