Samruk Energy
АО "Самрук-Энерго"
Крупнейший Энергетический Холдинг
Экологиялық жауапкершілік және заманауи тәсілдер
🌿 «Самұрық-Энерго» АҚ-да «Экологиялық реттеу және кешенді экологиялық рұқсат беру қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді.
📚 Іс-шараға Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар тәжірибе алмасу және экологиялық құзыреттер деңгейін арттыру мақсатында өтті.
⚙️ Семинар барысында қатысушылар кешенді экологиялық рұқсатқа көшу, ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу, сондай-ақ кәсіпорындарды жаңа экологиялық талаптарға дайындаудың практикалық аспектілері бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Қатысушылар пікір алмасып, экологиялық реттеу саласындағы сарапшылармен өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
🌱 Мұндай кездесулер бірыңғай тәсілді қалыптастыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және саланың тұрақты дамуына бірлесіп ықпал етуге мүмкіндік береді.
***
Экологическая ответственность и современные подходы
🌿 В АО «Самрук-Энерго» проведен семинар на тему: «Экологическое регулирование и правила выдачи комплексного экологического разрешения».
📚 В мероприятии приняли участие представители дочерних и зависимых организаций Общества. Семинар организован корпоративным ц�
21/05/2026
Предиктивті ЖИ-аналитика: Екібастұз 1-МАЭС-те жабдықтардың зияткерлік мониторингі енгізілуде
📱 Самұрық-Энерго компаниялар тобының нысандарында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
🏭 Екібастұз 1-МАЭС станциясында жабдықтардың сенімділігін арттыруға және жоспардан тыс тоқтап қалу тәуекелдерін төмендетуге бағытталған предиктивті диагностика жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа тәсіл ауытқулар мен ықтимал ақауларды бастапқы сатысында анықтауға, жөндеу жұмыстарын уақтылы жоспарлауға және жоспардан тыс тоқтап қалу жағдайларды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
🔩 Бұл үшін дірілді, акустикалық және басқа да өлшеу-бақылау құралдарынан келіп түсетін тарихи және ағымдағы деректер пайдаланылады. Олар жабдық жұмысының өзгерістерін тіркеп, апаттық жағдайлар туындағанға дейін ықтимал істен шығуларды болжауға мүмкіндік береді.
ЖИ-шешімді енгізу нәтижесінде:
∙ апаттық тоқтаулар мен жоспардан тыс жөндеулер санын азайту;
∙ жабдықтардың тоқтап қалу уақытын қысқарту;
∙ техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындарын оңтайландыру;
∙ генерациялайтын активтердің сенімділігі мен өндірістік процестердің тиімділігін арттыру жоспарлануда.
🖥 Жоба қазіргі таңда іске асырылу үстінде, оны біртіндеп енгізіп, кейіннен компаниялар тобының өзге де генерация нысандарына енгізу көзделген.
20/05/2026
Производственная безопасность и цифровые решения: в Самрук-Энерго подвели итоги месячника по охране труда
Под председательством главы Самрук-Энерго Кайрата Максутова состоялось совещание по вопросам производственной безопасности с участием руководителей дочерних и зависимых организаций. Открывая совещание, Председатель Правления АО «Самрук-Энерго» отметил, что вопросы производственной безопасности остаются безусловным приоритетом компании и требуют системной, последовательной и проактивной работы на всех уровнях управления.
В ходе совещания рассмотрены вопросы исполнения Плана мероприятий по достижению нулевого травматизма на 2026 год, итоги проведения месячника производственной безопасности, результаты аудитов, а также вопросы цифровизации и внедрения ИИ-ассистента в сфере безопасности и охраны труда.
▪️Отдельное внимание уделено реализации корректирующих мероприятий по итогам аудитов АО «Самрук-Қазына». Руководители Алатау Жарық Компаниясы и АлЭС доложили о ходе устранения выявленных замечаний и принимаемых мерах по усилению контроля на производственных объектах.
✔️По итогам совещания даны конкретные поручения, направленные на повышение уровня производственной безопасности, усиление профилактической работы и дальнейшее развитие культуры безопасного труда в группе компаний.
19/05/2026
Самұрық-Энергоның омбудсмендері жасанды интеллект құралдарын меңгерді
🎓«Самұрық-Энерго» АҚ-ның омбудсмені Нариман Ақылов және бірқатар еншілес компаниялардың омбудсмендері даулы жағдайларды реттеуде, этикалық және еңбек мәселелерін талдау мен шешуде жасанды интеллектті қолдану курстарын өтті.
📍Оқу Алматы қаласында Жоғары технологиялар институтының алаңында өтіп, оған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компанияларының омбудсмендері қатысты.
📱 Қатысушылар промпт-инжиниринг негіздерін, тілдік модельдердің жұмыс істеу қағидаттарын, сондай-ақ ЖИ-құралдарын қолдана отырып даулы жағдайларды талдау тәжірибесін меңгерді. Оқу барысында виртуалды көмекшілерді құру және қауіпсіз пайдалану мәселелеріне басымдық бере отырып, жетекші ЖИ-платформалар қарастырылды.
Жасанды интеллект құралдарын омбудсмен институттарының қызметіне енгізу өтініштермен жұмыс істеудің жеделдігі мен сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
***
Омбудсмены Самрук-Энерго прошли обучение по применению искусственного интеллекта
🎓 Омбудсмен АО «Самрук-Энерго» Нариман Акылов, а также омбудсмены некоторых дочерних компаний прошли курсы использования искусственного интеллекта в урегулировании конфликтов, анализе и решении этических и трудовых вопросов.
📍Обучение проходило в Алматы на площадке Института высоких технологий, где собрались омбудсмены портфельных компаний АО «Самрук-Қазына».
📱 Участники изучили основы промпт-инжиниринга, принципы работы языковых моделей, а также практику разбора конфликтных ситуаций с применением ИИ-инструментов. В ходе обучения были рассмотрены ведущие ИИ-платформы с акцентом на безопасное использование и создание виртуальных помощников.
Внедрение инструментов ИИ в деятельность институтов омбудсмена открывает новые возможности для повышения оперативности и качества работы с обращениями.
19/05/2026
АлЭС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестациясын растады
⚡️«АлЭС» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестігін кезекті рет растап, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аттестатын алды.
📃 Құжат:
▪️өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында персоналды даярлау және қайта даярлау;
▪️қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларға, технологиялар мен материалдарға сараптама жүргізу құқығын береді.
✔️Аттестация кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін, қызметкерлердің құзыреттерін дамыту және қауіпсіз өндіріс мәдениетін жетілдіру бойынша жүйелі жұмысты растайды.
***
АлЭС подтвердил аттестацию в области промышленной безопасности
⚡️АО «АлЭС» в очередной раз подтвердило соответствие требованиям в сфере промышленной безопасности, получив аттестат Комитета промышленной безопасности МЧС РК.
📃 Документ предоставляет компании право:
▪️на подготовку и переподготовку персонала в области промышленной безопасности;
▪️на экспертизу технических устройств, технологий и материалов на опасных производственных объектах.
✔️Аттестация подтверждает высокий уровень профессиональной подготовки, системную работу по развитию компетенций сотрудников и совершенствованию культуры безопасного производства.
18/05/2026
Самұрық-Энерго 2025 жылғы сатып алу қызметін қорытындылады
⏩«Самұрық-Энерго» АҚ-да еншілес және тәуелді ұйымдардың 2025 жылғы сатып алу қызметінің қорытындылары бойынша жұмыс кеңесі өтті.
▪️Кездесу барысында компаниялар тобының сатып алу қызметінің негізгі көрсеткіштері қаралды. Атап айтқанда, сатып алудың жылдық жоспарының орындалуы, отандық тауар өндірушілермен өзара іс-қимыл деңгейі, ел ішіндегі құндылық үлесі, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерінің тиімділігі талқыланды. Қазақстандық өндірушілерді қолдау және сатып алу процестерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
📌Кеңес қорытындысы бойынша еншілес және тәуелді ұйымдарға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде отандық өндірушілерге басымдық беру, сондай-ақ ел ішіндегі құндылық үлесін арттыру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.
📃Сонымен қатар, импортты алмастыру бағытындағы іс-шараларды жандандыру, офтейк-келісімшарттар жасау тәжірибесін кеңейту және сатып алу саласындағы корпоративтік негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
⬇️⬇️⬇️
18/05/2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде екінші және үшінші жылу электр орталықтарында болып, ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Алматы қаласының Алатау ауданындағы екінші жылу электр стансасы – алып шаһардағы ең ірі жылу көзі. Жаңғырту жобасының басты мақсаты – энергетика кешенін табиғи газға көшіру арқылы қаланы жылумен және энергиямен тұрақты қамтамасыз етіп, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту. Оның аясында жылу қуаты сағатына 952 Гкал-ға дейін, ал электр қуаты 600 МВт-қа дейін жететін заманауи газ стансасын іске қосу көзделген.
Жобаны жүзеге асыру барысында үш газ турбинасы мен генератор орнатылды. Жабдықтардың 99%-ы жеткізілген. Қосалқы инфрақұрылым мен жол құрылысы аяқталды. Негізгі нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы дайындық деңгейі шамамен 55%. Қазіргі кезде бас корпус ғимараты мен су жылыту қазандықтарында, су және газ дайындау пункттерінде, сондай-ақ электр техникалық инфрақұрылым нысандарында жұмыс жалғасуда. Барлық жұмыс, соның ішінде негізгі жабдықтарды жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүруде. Жобаның аяқталуы 2026 жылдың соңына жоспарланған.
Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы облысы Іле ауданының аумағында орналасқан үшінші жылу электр орталығын да аралап көрді. Стансада қайта жаңғырту жұмыстары аясында кемінде 450 МВт болатын бу-газ қондырғысы салынады және тозығы жеткен жабдықтар жаңартылады. Мердігері – қазақстандық компаниялар консорциумы.
Бүгінде қадалы іргетас алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде, газ турбиналық қондырғының алғашқы жиынтығы іргетасқа орналастырылды, жабдықтардың бір бөлігі құрылыс алаңына монтаждалып қойылды. Жоба-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Қайта жаңғыртуды аяқтау 2027 жылға жоспарланған.
Нұрлыбек Нәлібаев Алматының дамуы, қала халқының өмір сапасын жақсарту мәселесі Мемлекет басшысының ерекше назарында екенін атап өтті. Энергетикалық нысандардың сенімді әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданған. Соған сәйкес жаңғырту жұмыстарын белгіленген кестеден кешіктірмей, дер кезінде аяқтауды тапсырды.
🔗Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/23668
15/05/2026
Өзгерістер энергиясы: болашақ құзыреттері, ESG және әйелдер көшбасшылығы
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік басқару және орнықты даму департаментінің директоры Мадина Айсариева KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының атқарушы комитетінің «Өзгерістер энергиясы: болашақ құзыреттері, ESG және әйелдер көшбасшылығы» атты отырысында сөз сөйледі. Іс-шара Қызылорда қаласында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ның базасында өтті.
➡️Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіби әлеуетті дамыту және әйелдердің энергетика саласына қатысу аясын кеңейту.
▪️Іс-шараның қатысушылары тәжірибе алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту және бірлескен бастамаларды қалыптастыру мәселелерін талқылады.
⚡️Іс-шараға сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары – АлЭС, Екібастұз 1-МАЭС және 2-МАЭС өкілдері қатысты. Олар тең мүмкіндіктерді дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісіп, энергетикалық кәсіпорындар жанындағы Әйелдер клубтарының қызметі туралы айтты.
✔️ Мұндай алаңдар кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, әйелдер көшбасшылығын ілгерілетуге, болашақ құзыреттерін дамытуға және энергетика саласындағы әйелдердің кәсіби өсуін қолдауға ықпал етеді.
⬇️⬇️⬇️
15/05/2026
Энергетика мира: рост генерации без увеличения выбросов
📊 По данным Ember, в 2025 году мировой спрос на электроэнергию продолжил расти, однако значительная часть этого роста была покрыта за счёт возобновляемых источников энергии без пропорционального увеличения выбросов CO₂.
🌱Что это означает:
• рост генерации всё меньше зависит от ископаемого топлива;
• солнечная и ветровая энергетика продолжают усиливать позиции;
• структура мировой энергетики постепенно меняется.
⚡ Ключевой тренд: увеличение потребления электроэнергии всё чаще сопровождается ростом чистой генерации, а не выбросов.
➡️Это отражает:
• ускорение глобального энергоперехода;
• развитие ВИЭ;
• изменение подходов к генерации электроэнергии.
🌍В результате, мировая энергетика постепенно движется к модели,
где рост спроса на электроэнергию всё меньше связан с ростом выбросов CO₂
Подробнее https://ember-energy.org/latest-insights/global-electricity-review-2026/
14/05/2026
Қауіпсіздік балалар көзімен: сурет байқауының қорытындылары
🎨 «АлЭС» АҚ-да «Еңбек қауіпсіздігі бала көзімен» тақырыбында сурет байқауы өтті. Оған компания қызметкерлерінің 60-тан астам балалары қатысты.
➡️Олар өз суреттері арқылы қауіпсіздік - бұл жақындарына деген қамқорлық және өз отбасына аман-есен оралу екенін көрсетті. Жұмыстар шынайы, жарқын әрі әсерлі болды.
▪️Қазылар алқасының құрамында Ә. Қастеев атындағы өнер мектебінің суретшілері болды, олар балалар жұмыстарының жоғары деңгейін және тақырыпты терең түсінгенін атап өтті.
✔️Байқау қауіпсіздік мәдениетінің негізі тек өндірісте ғана емес, ең алдымен отбасында қалыптасатынын тағы бір рет еске салды.
***
Безопасность глазами детей: итоги конкурса рисунков
🎨 В АО «АлЭС» провели конкурс рисунков на тему «Безопасность труда глазами ребенка». В нем приняли участие более 60 детей работников компании.
➡️Через рисунки дети показали самое главное: безопасность — это забота о близких и возвращение домой. Работы получились искренними, яркими и трогательными.
▪️В состав жюри вошли художники Школы искусств им. А. Кастеева, которые отметили высокий уровень детских работ и глубокое понимание темы.
✔️ Конкурс стал ещё одним напоминанием о том, что основы культуры безопасности закладываются не только на производстве, но прежде всего в семье.
13/05/2026
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы:
Самұрық-Энерго электр энергиясын өндіру және жеткізу көлемдерін арттырды
📊 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ тұрақты өндірістік нәтижелер көрсетіп, негізгі көрсеткіштерді сенімді түрде орындады. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі жоспардағы 11 388 млн кВт⋅сағ орнына 11 420 млн кВт⋅сағ құрады.
🔥Жылу энергиясын босату көлемі жоспардағы
2 475 мың Гкал орнына 2 560 мың Гкал құрап, жоспар 103%-ға орындалды.
🪨 Көмір өндіру көлемі 11 925 мың тоннаны, ал көмір өткізу көлемі 12 735 мың тоннаны құрады.
⚡️Сонымен қатар, электр энергиясын жеткізу көлемі
2 704 млн кВт⋅сағ, ал өткізудің көлемі 2 650 млн кВт⋅сағ құрады. Екі көрсеткіш те 103% деңгейінде орындалды.
➡️Жалпы алғанда, 2026 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері компанияның тұрақты қызметін және өндірістік жоспарлардың тиімді орындалуын көрсетеді.
***
Итоги I квартала 2026 года: Самрук-Энерго увеличил объемы производства и передачи электроэнергии
📊 По итогам первого квартала 2026 года АО «Самрук-Энерго» демонстрирует стабильные производственные результаты и уверенное выполнение ключевых показателей. Общий объем выработки электроэнергии составил
11 420 млн кВтч при плане
11 388 млн кВтч.
🔥Отпуск тепловой энергии составил 2 560 тыс. Гкал при плане 2 475 тыс. Гкал, что соответствует уровню выполнения 103%.
🪨 Объем добычи угля достиг 11 925 тыс. тонн, а реализация угля составила 12 735 тыс. тонн.
⚡️Кроме того, объем передачи электроэнергии составил 2 704 млн кВтч, а реализация — 2 650 млн кВтч, при этом оба показателя выполнены на уровне 103%.
➡️В целом, результаты первого квартала 2026 года отражают устойчивую деятельность компании и эффективное выполнение производственных планов.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
пр, Кабанбай-Батыра 15 А Блок Б БЦ "Q"
Nur-Sultan
010000