Library ENU

Library ENU

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Library ENU, Library, Nur-Sultan.

26/05/2026

Еңбек еленген күн: Ғылыми кітапхана қызметкерлері мерейтойлық медальмен марапатталды!

Бүгін университетіміздің қара шаңырағында айтулы әрі ерекше қуанышты шара өтті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дамуына, оның ішінде білім мен ғылымның алтын ұясы — Ғылыми кітапхананың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардақты мамандарымыз жоғары марапатқа ие болды.
Кітапхана ісіне, заманауи оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға 30 жылдан астам уақыт бойы адал қызмет етіп, табанды еңбек сіңірген ардақты әріптестеріміз — Ермаганова Мейрамгүл Загпарқызы, Карима Казисқызы және Алмагүл Мұхтаровна «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды!

Осынау жылдар ішінде мыңдаған студенттер мен жас ғалымдардың ізденіс жолына бағыт-бағдар беріп, университет мәртебесін көтеруге атсалысқан аяулы қызметкерлерімізді бүгінгі лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Марапат иелеріне зор денсаулық, отбасылық бақ-береке және рухани ордамызды дамыту жолындағы еңбектеріне толағай табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз жана берсін!

25/05/2026

Өмір өткінші, ал ғылымға арналған ғұмыр – мәңгілік

ҒЫЛЫМ ШАМЫН ЖАҚҚАН ТҰЛҒАЛАР: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім мен ғылымға қызмет еткен ұлағатты ұстаздар мен профессорлардың ғылыми еңбектері мен рухани мұрасына және Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық тарихына арналған кітап көрмелері.

Ғұлама артында қалған кітап – келер күнге жол тартқан аманат.



#ғылымикітапхана

21/05/2026

Өнегелі өмір, өлшеусіз мұра: Тілеген Садықұлының ғылыми еңбектері кітапхана қорына табысталды

Бүгін ЕҰУ Ғылыми кітапханасында айтулы әрі тағылымы мол шара өтті! Белгілі ғалым, тарихшы Тілеген Садықұлы өзінің көпжылдық зерттеулері мен баға жетпес ғылыми еңбектерін кітапхана қорына салтанатты түрде сыйға тартты. ✨

Шараны Ғылыми кітапхана директоры, философия ғылымдарының кандидаты Бақытжан Әсетілдаұлы жүргізіп, ғалымның отандық тарих ғылымына қосқан үлесі мен ғылыми мұраның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

Шара аясында есімі елге танымал тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, университет студенттері мен мектеп оқушылары бас қосты. Басқосу барысында ғалымның шәкірттері сөз сөйлеп, ұстаздарының ғылымдағы сара жолы, азаматтық болмысы мен тәлімгерлік еңбегі туралы жылы лебіздерімен, естеліктерімен бөлісті.

Тілеген Садықұлының кітапханамызға тарту еткен бұл еңбектері – тарих қойнауына үңілер ізденушілер мен жас ғалымдар үшін таптырмас рухани қазынаға айналары сөзсіз.
Кітапхана ұжымы мен оқырмандар атынан ғалымға алғыс білдіре отырып, ғылыми еңбектерінің зерттелуіне сәттілік тілейміз!



#ғылымикітапхана

21/05/2026

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын! ✨

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! 🤝

Мәдениет — ұлттың діңгегі, ал өнер — оның рухани айнасы. Кітап пен өнерді, тарих пен тағылымды өзара ұштастырып, адамзаттың асыл қазынасын оқырман жүрегіне ұялатқан кітапхана ісі мен мәдениет саласының еңбегі орасан зор. Халқымыздың бай мұрасын сақтап, оны келер ұрпаққа аманаттау жолындағы сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз әрдайым жоғары құрметке лайықты.

Осынау айтулы күні сіздерге сарқылмас шабыт, жаңа шығармашылық табыстар, мықты денсаулық және отбасылық бақ-береке тілейміз.
Еңбектеріңіз жана берсін, мәдениетіміз бен өнеріміздің мерейі үстем болсын! 📚🏛️✨



#ғылымикітапхана

18/05/2026

Мемлекеттік деңгейдегі маңызды қадам: Кітап оқу мәдениеті қолдау тапты!

Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Рухани кемелдік пен терең білімді ту еткен бұл бастама жастарымызды жаңа ізденістерге жетелеп, саналы қоғамның іргетасын нығайта түспек.



#ғылымикітапхана

08/05/2026

Университет ғалымдарының ғылыми еңбектері: 30 жылдық белес

Құрметті оқырмандар, оқытушылар мен студенттер! Университетіміздің айтулы мерейтойы қарсаңында ғылым әлеміне жол ашатын бірегей шараға шақырамыз. 30 жылдық белесте университет қабырғасында туындаған іргелі зерттеулер мен зияткерлік жетістіктер бір арнаға тоғыспақ.

Көрме экспозициясында университет ғалымдарының көпжылдық еңбектерінің нәтижесі — түрлі ғылыми бағыттар бойынша жарық көрген соны кітаптар, іргелі монографиялар мен заманауи зерттеу еңбектері ұсынылады. Бұл — білім мен ғылымның сабақтастығын паш ететін, ғалымдарымыздың интеллектуалдық әлеуетін танытатын маңызды таныстырылым.

📍 Өтетін орны: Ғылыми кітапхана (Пушкин к-сі, 11)
📅 Күні: 11-12 мамыр
⏰ Уақыты: 11:00

Ғылым — білімнің шыңы. Университет мақтаныштарының еңбектерімен бірге танысайық! Бәріңізді күтеміз!



#ғылымикітапхана #ену30жыл

06/05/2026

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында айтулы тарихи-танымдық шара өтті.

«Әлім Алмат және ақталмаған легионерлер» атты ғылыми семинар аясында Шығыстану кафедрасының профессоры, белгілі алаштанушы-ғалым Күлпаш Мырзамұратқызы Ильясованың «ТАҒДЫР – ТАРИХ: СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТТЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ» атты монографиясының салтанатты тұсаукесері ұйымдастырылды.

Іс-шараға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнертанушылар, сондай-ақ университеттің оқытушы-ғалымдары мен студенттері қатысты. Шара барысында қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Әлім Алматтың өнегелі өмірі мен тауқыметті тағдыры жаңа қырынан талқыланып, автордың тың мұрағаттық деректерге негізделген еңбегі жоғары бағаланды.

Семинар барысында Әлім Алматтың ұрпақтары да сөз сөйлеп, отбасылық құнды жәдігерлер мен естеліктермен бөлісті. Шараны Шығыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ақжігіт Әлібекұлы шебер үйлестіріп, модераторлық етті. Қатысушы студенттер үшін бұл кездесу ұлт тарихы мен өнер қайраткерлерінің мұрасын тануда үлкен тағылымдық мәнге ие болды.



#ғылымикітапхана

Want your organization to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Telephone

Address


Nur-Sultan

Opening Hours

Monday 09:00 - 20:00
Tuesday 09:00 - 20:00
Wednesday 09:00 - 20:00
Thursday 09:00 - 20:00
Friday 09:00 - 20:00
Saturday 09:00 - 17:00