OpenAlmaty
Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі
Общественная приемная акимата города Алматы Городской информационный портал
Алматыда жоспарлы санитарлық мақсатта кесу және апатты жағдайдағы ағаштарды жою жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қалалық қызметтер қураған әрі қауіпті ағаштарды үнемі анықтап отырады.
Қатты желден кейін сырттай сау көрінетін ағаштардың да құлап жататыны жиі байқалады. Мамандардың айтуынша, бұған ағаш дінінің ішкі шіруі немесе көзге көрінбейтін зақымдар себеп болуы мүмкін.
Ағаштардың нақты жағдайын бағалау үшін импульстік томографтар мен резистографтар секілді заманауи құрылғылар пайдаланылады. Бұл ішкі ақауларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
Мұндай жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаланың жасыл қорын сақтау мақсатында тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.
***
В Алматы продолжаются плановая санитарная обрезка и удаление аварийных деревьев. Городские службы регулярно выявляют сухостой и деревья, которые могут представлять опасность.
После сильного ветра часто возникает вопрос: почему падают даже внешне здоровые деревья? Причина в том, что внутри ствола могут быть скрытые повреждения и гниль, которые не видны снаружи.
Для точной оценки состояния деревьев используется современное оборудование - импульсные томографы и резистографы.
2026 жылдың басынан бері Алматыда шағын және орта бизнес нысандарының атмосфералық ауаға бөлетін зиянды шығарындыларына бақылау күшейтілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері айтты.
Кәуапханалар, монша кешендері, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу орындары, дөңгелек жөндеу орындары мен экологияға әсер етуі мүмкін өзге де нысандар күнделікті бақылауға алынды.
Мамыр айында табиғатты қорғау қызметінің мамандары 287 нысанды тексерген. Бақылау барысында шығарындылар көздері, сүзгі және газ тазарту жүйелерінің болуы, сондай-ақ санитарлық және экологиялық талаптардың сақталуы назарға алынған.
Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарына ерекше көңіл бөлінген. Тексерілген 160 мекеменің 11-інде сүзгі орнатылған, 7 нысан электрмангал қолданады, ал тағы 3-еуі газ жүйесіне қосылған. Қалған кәсіпорындарда тазарту құрылғыларын орнату жыл соңына дейін жүзеге асырылмақ.
Тексеру жұмыстарымен қатар кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау талаптары мен қоршаған ортаға келетін зиянды азайту жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
***
С начала 2026 года в Алматы усилен мониторинг выбросов загрязняющих веществ в атмосферный воздух от объектов малого и среднего бизнеса. Об этом сообщили в ТО�
Гүлге оранған Алматы💐
2026 жылы қаладағы сәндік-көгалдандыру аумағы
410 мың шаршы метрді құрайды.
Оның ішінде:
🌿 291 мың ш.м — көпжылдық гүлдер мен гүлдейтін бұталар
🌷 119 мың ш.м — біржылдық гүлзарлар
Қала көшелері мен қоғамдық кеңістіктері маусым сайын жаңа түске боялып,
Алматының көркін аша түсуде.
***
Алматы становится ещё ярче💐
В 2026 году площадь декоративно-цветочного озеленения города составит 410 тысяч квадратных метров.
Из них:
🌿 291 тыс. кв. м — многолетние цветы и цветущие кустарники
🌷 119 тыс. кв. м — однолетние цветники
Улицы, скверы и общественные пространства Алматы с каждым сезоном становятся ещё зеленее и уютнее.
Алматыда Recycle Бірге! қозғалысы ұйымдастырған «Recycle Birge» экологиялық акциясы аясында құрамында сынабы бар 480-нен астам шам мен құрылғылар жиналды. Олар қауіпсіз түрде әрі қарай қайта өңдеуге жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Биоалуантүрліліктің халықаралық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акция №8 гимназия аумағында өтіп, экология мен қалдықтарды бөлек жинау мәселесіне бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірді.
Іс-шара барысында алматылықтар қайта өңделетін қалдықтарды, қайта пайдалануға болатын заттарды тапсырды, сондай-ақ кітаптар мен өсімдіктер алмасуға қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпті қалдықтарды дұрыс жою мәселесіне қоғам назарын аударуға көмектеседі
***
В Алматы в рамках экологической акции Recycle Birge, организованной движением «Recycle Бірге», собрано свыше 480 ртутьсодержащих ламп и приборов. Они были переданы на дальнейшую безопасную утилизацию. Об этом сообщили в ТОО «Eco Almaty».
Экоакция, приуроченная к Международному дню биоразнообразия, прошла на территории гимназии №8 и объединила горожан, заинтересованных в вопросах экологии и раздельного сбора отходов.
В ходе м�
Алматыда Recycling Бірге! қозғалысы ұйымдастырған «Recycle Birge» экологиялық акциясы аясында құрамында сынабы бар 480-нен астам шам мен құрылғылар жиналды. Олар қауіпсіз түрде әрі қарай қайта өңдеуге жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Биоалуантүрліліктің халықаралық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акция №8 гимназия аумағында өтіп, экология мен қалдықтарды бөлек жинау мәселесіне бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірді.
Іс-шара барысында алматылықтар қайта өңделетін қалдықтарды, қайта пайдалануға болатын заттарды тапсырды, сондай-ақ кітаптар мен өсімдіктер алмасуға қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпті қалдықтарды дұрыс жою мәселесіне қоғам назарын аударуға көмектеседі
***
В Алматы в рамках экологической акции Recycle Birge, организованной движением «Recycling Бірге!», собрано свыше 480 ртутьсодержащих ламп и приборов. Они были переданы на дальнейшую безопасную утилизацию. Об этом сообщили в ТОО «Eco Almaty».
Экоакция, приуроченная к Международному дню биоразнообразия, прошла на территории гимназии №8 и объединила горожан, заинтересованных в вопросах экологии и раздельного сбора отходов.
В ход�
⛰️Are You With Me және Reality хиттері арқылы танылған бельгиялық диджей Lost Frequencies Алматыға First Fest фестиваліне қатысу үшін келді.
Сапар барысында өнерпаз қаламен танысып, «Көк базарда» болды, қыран құстар шоуын тамашалады, қымыз, бауырсақ және ұлттық тағамдардан дәм татты. Музыкантқа әсіресе, Алматының таулары мен табиғаты ерекше әсер қалдырған.
Алған әсерін ол Instagram және Threads әлеуметтік желілерінде жазды:
«Қазақстанға алғаш рет келуім… Алматыны танып, керемет уақыт өткіздім».
First Fest фестиваліне 7000-нан астам көрермен жиналды. Олардың қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және өзге елдерден келген туристер болды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі Lost Frequencies-тің сахнаға FC Kairat футболкасын киіп шығуы және өнерін «Алматының түндерін-ай» әнімен аяқтауы болды.
***
⛰️ Бельгийский диджей Lost Frequencies , известный по хитам Are You With Me и Reality, посетил Алматы для участия в First Fest.
Во время поездки артист познакомился с городом: побывал на Зеленом базаре, увидел соколиное шоу, попробовал кумыс, баурсаки и блюда национальной кухни. Особое впечатление на музыканта произвели горы и природа Алматы.
Своими впечатлениями артист поделился в Instagram и Threads:
«Впервые в Казахстане… прекрасно провел время, �
Алматы күн өткен сайын құлпырып, жаңаша реңкке бөленіп келеді! 2026 жылы қаладағы гүлзарлардың жалпы аумағы 425 мың шаршы метрден асып, шаһардың ажарын одан әрі айшықтай түсті. Әсем гүл композициялары қала көшелеріне ерекше сән беріп қана қоймай, айналаға жайлылық пен жылылық атмосферасын сыйлауда.
Ауқымды көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде қала ауасы тазарып, табиғат пен заманауи келбет үйлесім тапқан көркем орта қалыптасып келеді.
***
Алматы становится еще ярче и свежее! В 2026 году площадь цветников в городе превысила 425 тысяч кв. метров. Красочные цветочные композиции создают атмосферу уюта и красоты, наполняя воздух ароматами и живой природой.
Благодаря масштабным работам по озеленению, город дышит легче, а его облик становится более гармоничным и вдохновляющим.
07/05/2026
Отан қорғаушы күні құтты болсын!
***
Поздравляем с Днём защитника Отечества!
🚍 Алматыдағы автобус парктерінің бірінен катализаторсыз жүрген автобустар анықталды.
Атмосфералық ауаны қорғау талаптарын орындау және автокөлік шығарындыларын азайту мақсатында «Eco Almaty» ЖШС мамандары №3 коммуналдық автобус паркіне тексеру жүргізді.
Тексерілген 249 автобустың 50-інде зиянды шығарындылар көлемін азайтуға арналған негізгі құрылғы — катализатор болмаған.
Бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұған дейін Экология департаменті «NEO City TRANS» ЖШС мен «TALAP T» ЖШС автобус парктерін тексеріп, шығарындылар нормасын бұзғаны үшін жалпы 13,3 млн теңге айыппұл салған. Сонымен қатар анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берген.
***
🚍В одном из автобусных парков Алматы выявили автобусы без катализаторов.
Специалисты ТОО «Eco Almaty» проверили коммунальный автобусный парк №3 в рамках мониторинга выбросов автотранспорта и реализации Правил охраны атмосферного воздуха.
Из 249 проверенных автобусов у 50 отсутствовали катализаторы — элементы системы очистки выхлопных газов, снижающие объем вредных выбросов.
Контроль ведется на постоянной основе. Ранее Департаментом экологии по итогам проверок автобусных парков ТОО «NEO City TRANS» и ТОО «TALAP T» за превышение норма
Қазақстан – бәрімізге ортақ шаңырақ. Бұл елде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тілін, салт-дәстүрін сақтай отырып, ортақ құндылықтар аясында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Күнделікті тұрмыста өзара құрмет пен қарапайым адами түсіністік біріктіреді.
Алматы – көршімен тату тұрып, өзара қолдау мен достықтың мекені.
***
Казахстан - наш общий дом. Под одним шаныраком живут люди разных национальностей - с разными традициями и языками, но с общими ценностями. В повседневной жизни нас объединяют уважение друг к другу и простое человеческое понимание.
Алматы - это про соседство, поддержку и дружбу.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the organization
Telephone
Address
пр. Абая, 90
Almaty
050040
Opening Hours
| Monday | 08:00 - 18:00 |
| Tuesday | 08:00 - 18:00 |
| Wednesday | 08:00 - 18:00 |
| Thursday | 08:00 - 18:00 |
| Friday | 08:00 - 18:00 |
| Saturday | 10:00 - 15:00 |