Skill Orda

Skill Orda

Share

🎯 IT-ға жаңа қадам.
🖥️ Қазақша курстар, тиімді сабақтар.
📥 Сұрақтарыңыз болса, бізге жазыңыз!

03/11/2025

Иә, бүгінгі технология дамып адам сенгісіз деңгейге жетті. Бұл — құрал! Сондықтан оны шебер пайдаланушы болады және шебер жасаушы болады. Бізде бұл екеуінің де саны шекті. Бірақ сол құралдың шебер “құлына” айналып кетпесек болғаны!
Сөзімді түсінерсің, не түсінбессің, шыны сол…

Тегін сыйлық алу үшін менің шақыртуымды қабылдай аласыз ба? 25/08/2025

Тегін сыйлық алу үшін менің шақыртуымды қабылдай аласыз ба? Тегін сыйлық алу үшін менің шақыртуымды қабылдай аласыз ба?

Photos from Skill Orda's post 22/08/2025

💻 Компьютерді 0-ден бастап еркін қолданатын деңгейге.
SkillOrda-ның 8 модульдік бағдарламасы сізге керек дағдыны қысқа жолмен береді:
— Компьютер таңдау және дұрыс баптау
— MacOS/Windows еркін қолдану
— Құжат, кесте, презентация
— Файл/бұлт, интернет, киберқауіпсіздік
— Онлайн жұмыс (Zoom, Meet, Trello, Notion)
— Жүйені оңтайландыру

Бағдарлама құны: 128 000 ₸ → 49 000 ₸ (алғашқы 40 адамға)
Формат: жабық Telegram чат, практикалық тапсырмалар.
Орын шектеулі. Бүгін бастаңдар.

👉 Тіркелу: профилдегі сілтемеде

#компьютерүйренусабағы #компьютертаңдау #айтиоқу #презентацияжасау #цифрлыққазақстан

15/08/2025

📱 Тек қана WhatsApp па? 🤔

Қазір бәрі WhatsApp арқылы сөйлеседі. Бірақ неге дәл осы қосымша ең танымал? 🔥

✅ Тегін және қарапайым – телефон нөмірімен тіркеліп, қолдана бересің.
✅ Барлық жерде бар – достарың мен отбасың да WhatsApp-та, сондықтан басқасын іздеудің қажеті жоқ.
✅ Жеңіл және қолжетімді – әлсіз интернетте де жұмыс істей береді.

🤔 Егер WhatsApp болмаса, қандай қосымша танымал болар еді?
🔹 Telegram – қауіпсіздігі мен мүмкіндіктері көп.
🔹 Signal – шифрлауы мықты, бірақ қолданушылар саны аз.
🔹 WeChat – Қытайда өте танымал, бірақ бүкіл әлемде таралған жоқ.

💡 Ал сен WhatsApp-тан басқа қандай мессенджер қолданасың? Төменге жазып кет! ⬇️

#Мессенджер #ҚауіпсізБайланыс #мобильдіқосымша #қазақшаконтенттіқолдайық

TikTok · SkillOrda 14/08/2025

TikTok · SkillOrda SkillOrda атты пайдаланушының бейнесін қараңыз.

14/08/2025

Компьютерлік дағды бізде мүлде қалыптаспаған деуге әбден болады. Себебі, ең қарапайым мәселелердің өзінде белгілі мамнға жүгінеміз. Компьютер бетінен бір қателік ескертпесі шығып тұрса да: “бетінен мынау шығып алды-ей” деп білетін біреуге көрсетіп жатамыз. Негізі, қателік ескертпесін сұқият оқысақ та не мәселе екені жазылып тұр. осындай осал тұстарымызды күшейтуге көмектеседі.
Жазылыңыз, жалықпай үйреніңіз!
#қазақконтент #компьютерқызметтері #компьютертаңдау #компьютертаңдау #цифрлықсауат

13/08/2025

📚 Бір жылда қанша кітап оқыдың? 🤔

Уақыт көзді ашып-жұмғанша өтеді. Ал соңғы бір жылда қанша кітап оқыдың? 🧐 Егер нақты есіңде болмаса, демек, кітап оқуға жеткілікті көңіл бөлмеген болуың мүмкін...

🤯 “Уақытым жоқ” дейтіндер көп. Бірақ кітап оқу үшін күніне 20 минут бөлсең, жылына кемі 10-15 кітап оқып тастауға болады! 🚀

📖 1 ай – 1 кітап қағидасын ұстанып көр:
✔️ Ой-өрісің кеңейеді
✔️ Логикаң дамиды
✔️ Өз ойыңды еркін жеткізе аласыңkz

📝 Ал сенің биылғы кітап оқу жоспарың қандай? Төменге жазып кет! ⬇️

#КітапОқу #ӨзінДамыту #БілімҚуаты #кітапал #пайдалыкітаптар

11/08/2025

📧 Mail.ru vs. Gmail – Қайсысы ыңғайлы? 🤔

Көп адамдар Mail.ru поштасын хат алмасу үшін ғана пайдаланады. Бірақ смартфон, әсіресе Android қолданушылары үшін Gmail әлдеқайда тиімді! 🔥

🔹 Gmail – Google экожүйесіне толықтай кіріктірілген. Телефонды жаңартқанда, контактілер мен мәліметтер автоматты түрде сақталады.
🔹 Mail.ru – Жай ғана хатсандық ретінде қалып қойған, Google сервисімен толық үйлеспейді.

✅ Gmail таңдасаңыз:
✔️ Android смартфонға оңай тіркелесіз
✔️ Google Drive, Docs, Meet, YouTube-қа кіру жеңілдейді
✔️ Хаттарыңыз қауіпсіз әрі жылдам сақталады

Ендеше, қайсысы тиімді екенін ойланып көріңіз! 😉

#қазақшаконтенттіқолдайық #қазақшасөйлейік #цифлықсауаттылық

09/08/2025

📱 Көпшілік смартфон десе тек Android пен iOS жүйесін елестетеді. Бірақ тарихта және қазір де қолданылып жүрген басқа да операциялық жүйелер бар!

🔹 Symbian – Nokia смартфондары үшін танымал жүйе болған (2000-2010 ж.).
🔹 Windows Phone – Microsoft-тың өз жүйесі, бірақ 2019 жылы тоқтатылды.
🔹 BlackBerry OS – Кезінде бизнес-смартфондар үшін танымал болды.
🔹 Firefox OS – Ашық кодты мобильді жүйе, бірақ кең таралмады.
🔹 HarmonyOS – Huawei жасаған жаңа жүйе, Android-қа балама.

📌 Бүгінде нарықта Android (Google) пен iOS (Apple) үстемдік еткенімен, технология әлемінде әрдайым жаңа жүйелер пайда болуда!

#Смартфон #ОперациялықЖүйе #қазақконтент #цифрлықсауат #компьютерқызметтері #қазақтілдіконтент

08/08/2025

💾 Көп адамдар ГБ, ТБ дегенді естігенімен, олардың нақты өлшемдерін шатастырып жатады. Ендеше, компьютерлік ақпараттың негізгі өлшем бірліктерін бірге қарастырайық!
📌 1 бит (b) – ең кішкентай өлшем, тек 0 немесе 1 мәнін қабылдайды.
📌 1 байт (B) = 8 бит – бір символды сақтау үшін қажет.
📌 1 Килобайт (KB) = 1024 байт
📌 1 Мегабайт (MB) = 1024 KB
📌 1 Гигабайт (GB) = 1024 MB
📌 1 Терабайт (TB) = 1024 GB

#КомпьютерСауаттылығы #СыйымдылықӨлшемдері #компьютертану #қазақшаконтент

Want your business to be the top-listed Computer & Electronics Service in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Address


Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 05:00
Tuesday 09:00 - 05:00
Wednesday 09:00 - 05:00
Saturday 09:00 - 17:00
Sunday 09:00 - 17:00