Bio granit

Bio granit

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Bio granit, Household Supplies, Назарбаева 77, Almaty.

20/10/2023

ҮНСІЗ ҚАЛМА!!

ЖАЗЫҚСЫЗ әйелдер мен балалар өлетін СОҒЫСТА ЖЕҢІМПАЗ ЖОҚ! Мағыналы сөз.
Біз бірнеше күн бойы көптеген оқиғаларды естіп-көрудеміз. Жақындарын нысанаға алған бомбалар, күлі көкке ұшқан ауруханалар, балаларының мәйітін сөмкеге салып алып жүрген ата-аналар. Әрине, бұл жағдайдың күллі адамзаттың жүрегінде із қалдырмауы мүмкін емес... Алыстан куә болған біздер де талай жағымсыз сезімдерімізді жеңуге тырысамыз. Бүкіл әлем білетін, бірақ тоқтата алмайтын қатыгездікке де бейқам қарайтын хәлге жеттік.
Күн сайын тағы не болуы мүмкін деп ойлай отырып, біз одан да жаман жаңалықтарды естіп оянамыз. Пессимизміміз артып, болашаққа деген үмітіміз, арманымыз бірінен соң бірі азая бастайды. Ал көбіміз енді еш жерде өзімізді қауіпсіз сезіне алмаймыз. Кез келген сәтте бірдеңе болып қала ма деген үрейдеміз. Соғыс адами құндылықтарымызды жоғалтып, жаңа ұрпақтың тұлғасы мен адамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізеді.
Соғыс - ең ауыр жарақаттардың бірі. Адамдардың қайтыс болуы, жарақат алуы, мүгедек болу, жақындарын жоғалтудан қорқу, терроризм... Ал уақыт жылжи келе адамзаттағы зорлық-зомбылық күшейіп, адамдық сезімдеріміздің біртіндеп жоғалу қауіпі бар...

СОҒЫС ЖӘНЕ ОСЫ ҚЫРҒЫН ТУРАЛЫ ҮНСІЗ ҚАЛМАҢЫЗШЫ!

02/08/2023

Мен үшін ауыр болса да осы шешімге келдім!

📌Жаңалығымның бірі міне осы еді 🥹

Иә, балам сияқты әлдилеп бастаған дүкенді жабуға бел будым. Басты себеп біз Америкаға көшеміз. Кейінгі себебі - біз бір-ақ кәсіппен айналыспаймыз. Жолдасым екеуміздің бірнеше кәсібіміз бар: Заңды Турагенттігіміз, Тендер, Денсаулық Туризмі, Оптом Тауармен айналысамыз. Бұның барлығын команданы екеуіміз басқара жүріп атқарамыз.

Алматыдағы дүкен біз үшін қымбат. Бірақ оған арнайтын уақыт пен күш жетпейді екен. Сондықтан жабамыз, ішіндегі тауарларды оптом алам дейтіндер болса дүкенге келсін, өзім боламын.

Дүкенді жаппай, дайын бизнес ретінде сат деген ұсыныстар түсті. Мен іштей қаламадым. Өте жауапкершілігі мол адаммын, ертең анау-мынау дегенді естігім келмейді артынан.

Айтарым, бизнес бастауға дайынмын деген кісілер болса, дүкенге келіп менімен бірге жолығып, оптом бағада алу мүмкіндігі бар.
Тауар бітпей тұрғанда тездетеміз. 1 аптадай Алматыда боламын.

Осы постты оқып қана қоймай, кәсіп бастағысы кеп жүрген таныс-туыстарға жіберіңіздер.

Photos from Bio granit's post 15/07/2023

📌ХИТ БОЛҒАН БИЮ ГРАНИТ ҚАЗАНДАР САТЫЛЫМҒА ТАҒЫ ШЫҚТЫ 🥳🥳🥳

🔴КЕРСУЛЬДІ ЖЫЛЖЫТЫП ОТЗЫВТАРДЫ ҚАРАҢЫЗ ⏭️

📌БҰЛ БАҒАНЫ ЕШҚАЙДА ТАППАЙСЫЗ ‼️

📢🔥ШОКККК СКИДКАА 🥳🥳🥳

🔥BIO GRANIT🔥

БИЮ ГРАНИТ НАБОР
Үш қазан бір скороводка

📌 25.000 ТГ

7 кг шығады

🚛Автомен 7*1300=9100 тг (15-18 күнде )


✳️34.100 тг бір набор келу бағасымен ☝️

✳️КАСПИ : +7 (707) 709-50-30
БИБИ Х . Деп шығады

🆘ДОСТАВКА АҚШАСЫН ТАУАР ЖЕТКЕНЕН КЕЙІН ТӨЙЛЕНЕДІ ✅

🛑Ватцап : +905527552189
Нөмер алдыңда +90 деп тересіз

📌ТЕЛЕГРАМ КАНАЛ :

10/07/2023

Қайырлы кеш , Достар 🙃

Қалайсыздар , амансыздар ма 🥲

Не жаңалық ?

Ал менде соңғы кездері дымм көңіл-күйім жоқ , ештеңеге зауқым болмай 🥹

Мүмкін адамдардың шынай жүздерін көре көре шаршаған шығармын 😳

Соңғы кездері инстаграмда да белсеңді емеспін , себебі де осы ; зауқым жоқ 😏

Неден деп ойлайсыздар 😭

02/07/2023

Мен Хауамын. Кеше ғана туған күнім еді , 36-ға толдым. Отырып өз-өзіме есеп бердім. ''Хауа, не бітірдің бұл жасқа дейін?''-деп алып ше көңілім толмайды ғой өзіме. Толмай жүр, бірақ шүкір деп отырмаймын.

Бұдан да жақсы жетістіктерге жетуге болатын еді демеймін, әрекет етудемін.

Егер өмірге қайта келер шансым болса... Көп нәрсе жасар едім. Десем де әлі де кеш емес.

Не бітірдім?

Өзім қаламаған өмірді өшіріп тастап, нөлден өзім қалайтын өмірді бастадым. Жасап та алдым, білесіздер.

Қаламаған (күшпен үйлендірген адамнан айырылып) біржола кеттім.

Жоғары білім алдым. Мамандығыммен жұмыста жасадым.

Қазір бірнеше кәсіп иесімін🤓
Үш үйім бар.
Дүкенім бар.
Ең бастысы - Алла берген абыройым бар.

Бір өліп, қайта тіріліп аз уақытта көп зат бітірген адаммын. Еш қолдаусыз, қараусыз, ақшасыз, күшсіз, тек өз ішкі күшті рухыммен көтеріліппін.

Сен мықтысың, бәрін бәрін жасай аласың
Тек мықты бол, сынып кетпе ✊

Өзімді таптым. Ұят болады деп бет моншағым үзіліп отырмадым. Адал іс жасап, адал нан жеп жүрмін. Қаламаймын ба жасамаймын. Еркін адаммын!

Егер рухың мықты болмаса қалғаны бос әңгіме. Ақшам жоқ, тәжірибем жоқ, қолдау жоқ дегендер, бұлардың біреуі де менде болмаған. Міне, көз алдарыңызда жетілдім емес пе?

🔸Алып қосарыңыз болса, қуана-қуана оқимын. жазыңыз ⤵️

Photos from Bio granit's post 28/06/2023

Құрбан айт - иманды күшейтетін, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке.

Құрбан айтта жасаған барша ізгі амалдарыңызға сауаптан жазғай. Осы мереке қарсаңында Алланың назарында, бақыттың базарында шалқуыңды тілеймін.

Алла екі дүние бақытын нәсіп еткей. Алладан сұраған әрбір тілегіңіз періштелер құлағына шалына берсін. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді нәсіп етсін.

Айт мүбәрак!

#құрбанайт #алматы #астана #шымкент

Photos from Bio granit's post 25/06/2023

Түріктерде екі айтты өте жоғары деңгейде қарсы алады.

Егер үйленген болсаң, қайынжұртқа бірінші боп барып құттықтау міндет.

Басқа қалада болсаң да, дәл осылай. Мен де отбасын құрғалы міндетімді жасап келем.

Бірақ мендегі жағдай үлкен ұлым осы кезде "Бармаймын, өздерің кете беріңдер"-десе жүргегім кәдімгідей ауыратын. Себебі үйде жалғыз қалатын.

Осы айтта жолдасыма өтініш жасадым. "Бармай-ақ қойсақ қалай болады. Балаларды алып Түркияның әдемі демалыс орындарын аралап шықсақ"-деп... Ол мені қашандағыдай қолдап "иә"-дегенде менен асқан бақытты жан жоқ еді.

Төрт көзім, түгел жаным тыныш, балаларыммен бірге қыдырамыз 😍

Сапарымыз бүгін таңғы 5:00 тен басталады.

Сторис көп болсын ба, ағайын? Иә десеңіз астына "көп болсын"-деп жаза кетіңіз.

Түркияның ерекше жерлерінен, Сіздер естіген Анталия-манталия емес, нағыз түріктер қалай демалады қайда барады 😉 Соны көресіздер.

Photos from Bio granit's post 21/06/2023

Үш фотоның қайсысы ең күшіт таба алмай ,енді үшеуін бірге салдым 🤭😍

Сізше 1 , 2 , 3 па ❓

Қайсысы 😴

Want your business to be the top-listed Shop in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Address


Назарбаева 77
Almaty