Zhamals

Zhamals

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Zhamals, Almaty.

28/04/2026

ШЫНАЙЫ КЕЗЕҢ
Инстаграмда қазір шынайылық дәуірі басталғандай. Парақшамды дамытуды
осы саналы кезеңде таңдағаныма қуаныштымын.
Кейде арзан ойын-күлкі,… қай жерде шу, қай жерде тренд болса — сол жаққа ұмтылып, сол сәтті түсіруге асығатындарды көріп, іштей аяймын.
Көпшіліктің ішінде жүрген адам, соңында өзіңнің еш жерде жүрмегенін түсінеді.
Тіркеліп алыңыз — бұл парақша сізге жақын журнал сияқты болсын: ой, тыныштық және шынайы өмір сәттері 💛
Сезім байлығымен ғана адам терең бола алады.
Тағдырға разы болу маңызды
Ішкі әлеміңіз үйлесімде болсын🩷

23/04/2026

ҚЫЗ ЖІБЕКТІҢ БЕЙНЕСІ
Өз есіміммен жеке бренд қалыптастыруға ізденіс бастап, креативті есім іздеп әлек болып, ары ойланып бері ойландым.
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал». Ескі әдет-ғұрыптың тұтқыны болған қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Қыз Жібекте де қозғалған идея мен негізгі мазмұн дәл солай. Ендігі болашақта бақытты қыздардың тағдырын ойлап, марқұм атам маған ат қойғанда: "Басына бақ дарып, аяғына құт қонған Жамал болсын деген шығар десеееем, кезінде Жамал Омароваға ғашық болған" деееп әжем оп-оңай айтып отыр. #қызжібек

Photos from Zhamals's post 14/04/2026

Армандарыма жету үшін үздіксіз еңбектеніп, есеп беріп келе жатқан Өзіме бүгін
"Жарайсың!" дегім келеді:
- Қабылдай алған шешімдерің үшін,
- жасаған таңдауларың, басқан қадамдарың үшін,
- жіберген қателіктеріңнен алған сабақтарың үшін,
- түйген ойларың үшін!
-алға жетелеп келе жатқан ішкі күшің үшін;
- 29 жыл жазылып келе жатқан тарихың үшін;

Сол тарихты "Өзім жазам,Өзім Shazam " екен ғой; 😅
Инедей мұңды найзадай көрмей, болмашыға болынып кетпей, жаңбыр жауса да су болмай, оңай шағылмайтын жаңғаққа айналыппын.
Өзіңді, айналаны танудың шегі жоқ екен. Қандай күйлерді кешкенім, қаншама ғажап сезімдерді сезінгенім Аллаға аян! 💜 Әр күнді бағалап, уақытты сапалы өткізуге тырысып, жылдармен есейіп келемін.
Туылған күніңмен Жамал!
Жарқырай түс🥰
Бұл сенің ғасырың💥🔥🎥🎤🎹🪕

Want your business to be the top-listed Photography Service in Almaty?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Website

Address

Almaty

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Zhamals posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Subscribe

We will notify you when anything happens in Almaty.