Fati Adrian
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Fati Adrian, Shopping & retail, Almaty.
06/03/2022
ТӘУЕКЕЛ ТҮБІ ЖЕЛ ҚАЙЫҚ, ӨТЕСІҢ ДЕ КЕТЕСІҢ…
Өмірде мақсат қойған адам, тәуекел еткен жан жеңіске жетпей қоймайды. Оған мысал ретінде өзімнің шәкірдімді айта аламын.
Бақытгүл Сармекова атты шәкіртім бір қыздың анасы, мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, айына 56 мың айлық алып жүрген. Менің курсымды оқып, кәсібін 0 тг бастаған ол, қазір бизнес леди☺️. Қазірде дүкені бар. Суреттерді қарап шығыңыздар!
💸 өсіп кетті, бизнесім жүрмей қалады-ау, деп уайымдап жатқан жоқ. Керісінше, алға басты! Қазір миллиондап тауып, бір отбасын өзі асырап отыр.
Кезінде балконнан басталған бизнесі, қазір торговый домдағы бутикке ауысты🔥
Әлемдегі жағдай мен доллардың өсуін өзгерте алмасақ та, өз ӨМІРІМІЗДІ өзгерте аламыз:
💡Қазіргі табысыңды өзгерте аласың💸
💡Білімің мен дамуыңды өзгерте аласың
💡Бизнес бастап, тұрып жатқан үйіңді, сүріп жатқан өміріңді, БОЛАШАҒЫҢДЫ өзгерте аласың.
04/03/2022
Доллар кетті домалап..💸
Соңғы уақытта көрші елдерде болып жатқан жағдайлар көпті уайымға салды. Әсіресе, #доллардың көтерілуі, саудаға, азық-түлікке қатты әсер етіп жатыр. Менің де айналам, оқырмандарым «Енді не істейміз, жиған ақшамыз, ашқан бизнесіміз жоқ» деп жекеме жазуда.
Қыздар, бір қызық ақпарат айтайын: Проблема бар жерде, ақша да бар. Мысалы, covid-19 алғаш пайда болғанда, маска саудасы жақсы табыс әкелді.
Яғни, осындай жағдайда көзіңіз #қиындықты емес, #мүмкіндікті көретіндердің қатарында болыңыз.
Дәл қазір бір айлық табыспен өмір сүрудің мүмкін емес екенін түсінген боларсыздар.
Сондықтан, бүгін бар, ертең жоқ болып қалуы мүмкін, айлығы ары тартсаң бері, бері тартсаң ары жетпейтін жұмысқа #тәуелді болып қалмаңыз.
Қазекең «Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтпаған. Өзіңіздің кәсібіңіз, былайша айтсақ, «подушка безопасности» болуы керек. Мүмкіндікке толы заманда сіз бизнесіңізді бастап кетіңіз. Бүгін бастауға қорықсаңыз, ертең ешқашан бастамайсыз. Себебі доллар енді өспесе, түспейді. Үй бағасы енді қымбаттамаса, арзандамайды.
«Немен айналысамын» деп басыңыз қатып жүрсе, мен сізге табыс әкелетін бірнеше істің түрін ұсынайын:
ОНЛАЙН/ОФЛАЙН БИЗНЕС
Сіз әйелдерге, ерлерге, балаларға арналған киім, текстиль немесе аяқ киім сатуыңыз мүмкін... Мұның рахатын мен ғана емес, қаншама шәкіртім көруде. Түркиядан арзан бағада таңдап, сатып алып, жеткізіп береміз. Тіпті кезінде Түркиядан маған тапсырыс беріп, үйінде отырып сатқан қыздарым қазір әп-әдемі бутик ашып, айына миллионнан артық табыс табуда.
Одан бөлек, қазіргі таңда сұранысқа ие дизайнер, смм, копирайтер, таплинк жасау, сайт жасау, мобилография сияқты мамандықтарды да меңгеріп, қосымша табыс табуға да болады.
Сондықтан зерттеп, қарап, біліміңізді дамытып, өзіңіз үшін кәсіпті қолға алсаңыз, ертеңгі күніңізге сенімді жүресіз🥰.
Ал сіз бизнесіңізді/қосымша табыс табуды неден бастар едіңіз?👇
01/03/2022
Көктемнің алғашқы күні🥰
«Кімде-кім азға шүкір етпесе, көпке де шүкірсіз болады. Ал, кім адамдардың (жақсылықтарына) алғыс айтпаса, Аллаға да шүкірсіз болғаны. Алланың нығметтерін айтып жүру шүкірліктің (белгісі), оны жасыру (яғни Алланың нығметтерін жоққа шығару) – күпірлік. Ауызбіршілікте болу – мейірім, ал бөліну – азап»
©️Хадис
Көктемнің алғашқы күнімен жан-жақтан алғыс жауып жатыр. Қандай ғажап. Ал күнде осылай айналамызға, бізді жаратқан Раббымызға алғыс білдіріп жүрсек. Қандай керемет болар еді, иә?!
Ал мен де сіздерді бүгінгі көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймын🤗
Жадырап жүрген көңілдеріңізді кір шалмасын. Тек жақсылық, береке, бақыт тілеймін, жақсыларым❣️
22/02/2022
🔴Түркияның сіз білмейтін 5 базары:
⠀
Алдымен лайк басып, сақтап алыңыз, және білмейтін досыңызға жіберіңіз!
⠀
🔹Лалели, Мертер, Гүнгөренді мен айтпасам да білесіздер. Бүгін сіздерді Түркияның сіз білмейтін 5 базарымен таныстырамын!
⠀
🔶Источ Базары - Ыдыс аяқ сувенирдің, электронды тауарларды отаны
⠀
🔶Байрампаша - оптом Шұлықтардың, іш киімдердің отаны
⠀
🔶Махмутпаша базары - текстиль, сөмке, аяқ киім базарының отаны
⠀
🔶Тахтакале базары - манекеннен бастап, интерьердің, ұсақ- түйектің барлығын табатын базар
⠀
🔶Маско базары - Мебельдің және үй жихаздарының отаны
⠀
🔹Тағы сіз білмейтін жерлерді пост қылып жаз десеңіздер, пікір қалдырыңыз және таратыңыз!
20/02/2022
Асықпа⏰
⠀
❌Жаратқанның бұлжымас заңы: Әр нәрсенің өз уақыты бар. Ертең болатын зат бүгін болмайды, бүгін болатын зат та ертеңге қалмайды.
⠀
🕰Біз көбінесе ертегі болатын затты уайымдаймыз. Асығыстық жасап, болатын, бәлкім, мүлде болмай қалуы мүмкін нәрселерге бас қатырамыз. Болашақта маған бірнәрсе болып қалады деп қорқамыз.
⠀
⌚️Шындығында келешектегі сол нәрсе болуы керек болса болады және ертең немесе бір жұмадан кейін не болатынын білмейміз өмірімізде.
⠀
⏳Ал, әлі болмаған нәрсені бұлай ойлау, келеңсіздікті күту біздің бақытты болуымызға тосқауыл қойып, мұңаюымызға себеп болады.
⠀
🦻Не үшін біз өзімізге-өзіміз қайдағы жоқ қайғыларды ойлап таба береміз?! Әлі болуы-болмауы екіталай нәрселерден қорқып жүреміз?!
⠀
🫀Бұл бізге жамандық ойлайтын шайтанның сүйген амалдарынан бірі. Құранда Алла былай деп айтады: “Шайтан сендерге кедейлікті уәде қылады” яғни ол біздің жан дүниемізге іштей мұңаюды кіргізіп, Алладан дүға тілеуден, сыйынудан ұзақтатады. Ақыл есімізді түрлі ұнамсыз нәрселермен толтырып аламыз.
⠀
🫁Егер бүгін Алланың қалауымен бізде барлығы өз орнында болса, онда ертең де Бұл жағдай бізді тастап кетпейтініне, одан да жақсы болатынына сенуіміз керек. Алла Тағала “Егер шүкіршілік етсеңдер нығметімді арттырамын” деп уәде еткен.
⠀
🧠Дұрыс және ғажайып, жақсы және пайдалы мағыналы нәрселерге жұмсайтын рухани күшімізді болмашы нәрселерге жұмсап жатырмыз.
⠀
🫀Стористен үнемі кері байланыстан, Фати өміріңізде үнемі күліп жүресіз, постоянно шынайы әрі ашық жарқын жүресіз деп сұрап жатасыздар. Ниетімізді түзеп, ойымызға сақ болайықшы❤️ және өзімізді қарайтпай білім алайықшы😘 (оқығанымнан үзінді, сіздерге пайдасы тиеді міндетті түрде, маған тиген, тиіп жүр)
18/02/2022
Бүгін Дубайда, Алланың қалауымен екінше вебинарымды жасайын деп отырмын🙏🏻🇦🇪
Кішкенеден соң басталады, сәттілік тілеп қойыңыздаршы🔥🔥🔥
Қолдауларыңыз қажет болып тұр достар🔥🔥🔥
17/02/2022
Сафариден Салем баршаңызға🇦🇪🇦🇪
Лайк басқан әрбір жанға келу бұйырсын😘😘😘
Ешбір кездесу кездейсоқ емес.
Кездескен әр адамның өз себебі бар. Кейде олар бізге дос болса, кейде сабақ болады.
Жүрегіңізді сізді ренжіткен адамдарға емес, сізді жақсы көретіндерге ашыңыз!
Валентиндеріңіз құтты болсын🔥❤️😅
10/02/2022
Алла қаласа ертең “Интенсив Бизнес” марафонын бастаймыз Алла қаласа🔥 кешкі тоғызда.
Марафонда кімдерге арналған:
- үйде отырып кәсібін нольден бастағысы келктіндер;
-сатылымын еселегісі келетіндер;
-остатоксыз тауар сатқысы келетіндер;
-сатылымның техникаларын үйренгісі келетіндер;
-маркетингті үйренгісі келетіндер;
- менеджменттен хабардар болғысы келетіндер;
- тауар бизнесін грамотно үйренгісі келетіндер;
Тіркелгендерге сілтеме беріп жатырмыз🔥🔥🔥
Менің құрметті клиенттерім, компаниясының клиенттері сіздер де міндетті түрде қатысыңыздар🔥
Ал, тіркелгендер🙂 Сабыр сақтап күтіңіздер❤️
Кездескенше❤️
Ал, достар көптен күткен Интенсив Марафонға тіркелуді бастаймыз🔥
Мен Фатима, Түркияның 7 жылдық тұрғыны, әрі Түркиядан өзінің бизнесін құрған, және тауар айналымын 1 млрдтан 2021де миллиардтан асырған үлкен байерлік компанияның иесімін.
Ақпанның 11-12-13 күндері өзімнің марафонын бастаймын. Бұл марафонда сіз о-ден бастап қалай бизнес бастауға болатынын, оны қалай сату керек екендігін, қайда сату керектігін барлығын барлығын үйренесіз.
Және бұл марафонда Маркетолог маманнан сабақ аласыз. Қазақстанның 10дығына кіретін және 1 млрд-тық айналымы бар компанияның маркетингін аяққа тұрғызған маман Айдар Мырзабек мырзадан - сатудың 50 техникасын үйреніп шығасыз.
Бұнымен тоқтап қалмайды, Менеджменттен топ -5тікке кіретін ең мықты маман Асқар Абай мырзаның да сабағын аласыз. Асқарбек Абай мырза 1 млрд-тық Фати-дің компаниясының системасын қалыптастырып, қазіргі таңда 4 бірдей үлкен проектіні бір уақытта жүргізіп отырған басшы.
Команданы жүйелеу, компанияға система енгізу, табыс әкелетін мамандарды қалай табу керектігі туралы сөз қозғайды.
Бұндай құнды сабақтан қалып қоймаңыздар!
Тіркелу үшін төмендегі уатсапқа өтіңіз:
Whatsapp: +7 747 131 4801
Марафон құны небәрі 1990теңге
НӘТИЖЕЛЕРІМ🔥🔥🔥
“БИЗНЕС КОМПАС” жобасының қатысушыларынан шыққан нәтижелермен танысыңыздар!!!
Менің және командамның тек қана фактқа, сапаға жұмыс жасайтынын білесіздер.
Біздің жобада бізбен бірге 1 ай бойы, өздерін дамытып, сауданың дұрыс алгоритмін үйреніп, қорқыныштарын жойып, сенімділікпен әрі біліммен бастап жатыр. Кәсіптегі ең дұрыс жол, осығой міне! Шәкірттеріме үлкен табыстар тілеймін.
Шәкірттерімнің көбі бұл жобада, үйде отырған аналар, зарплатаға жұмыс жасап қосымша табыс тапқысы келген жандар еді. Ниеттері, армандары орындалып жатыр. Шүкір.
Менің жобамда бізбен бірге болғысы келетін, сауданы, кәсіпті шемішкеше шаққысы келетін дамығысы келетін жандар пікір қалдырсын🔥
тек қана дамығысы келетін жандар😘
“БИЗНЕС КОМПАС” бірінші лек
⠀
✏️Ия, бір ай бұрын “Бизнес Компас” курсын бастаған едік, тұсауын кескен едік.
⠀
✏️Міне бірінші легіміз де аяқталды. Қатысушылар дән риза. Берілген ақпараттардың құндылығын түсінді, кәсібін жаңадан бастағысы кеп жүрген қатысушылардың өзіне деген сенімділіктері артты.
⠀
✏️Кәсіпте өздерінің картасын жасап алды. Жол сызып алды. Бір-бірімен тәжірибе алмасты. Сатуды үйренді, Маркетингті үйренді, Команда құруды үйренді. Сіздерден мықты кәсіпкерлер шығатынына сенеміз!
⠀
✏️Ал кәсібін дөңгелетіп жүрген жандар, курстан одан әрмен үлкен табыстарға шығудың жолын үйренді.
⠀
✏️Бұндай үлкен жобада бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз ұжымымыздың атынан.
⠀
✏️Ия, курс арзан да емес, қымбат та емес орташа бағада болды. Кейбір қатысушыларымыз ақша жеткізе алмай, қатыса алмай арманда қалып кетті. Ниче, алда тағы бір лекті ашамыз. Қалып кетпеңіздер.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Almaty
050000