ORDA
Orda.kz – дәлелді жаңалықтар, эксклюзивті ақпарат, өткір репортаждар мен терең зерттеулер алаңы. Ақиқатқа бірге жетейік!
Жаңадан алынған спутник суреттер Непал мен Қытай шекарасындағы су тасқынының қаншалықты жойқын болғанын көрсетті. Ғарыштан түсірілген кадрлардан Тришули өзені бойындағы үйлердің, ғимараттар мен көпірлердің түгелдей тас пен балшық басқанын көруге болады. Гьиронг порты мен Расувагадхи шекара бекеті толығымен шайылып кеткен, орнында ештеңе қалмаған.
Сарапшылардың пікірінше, апат таудағы алып мұздықтың опырылуынан басталған. Су, мұз және тас араласқан алып ағын өзен аңғарын жайпап өткен.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 550-ден астам адам мерт болып, мыңға жуық тұрғын мен шетелдік турист із-түссіз жоғалған.
Әнші Әділет Жауғашар желіде үлкен дау тудырған «Сүй, иә» әнінің мәтінін өзгертті. Бұған дейін эстрада жұлдызы «Сұлудың жоқ дегені – иә» деп шырқаса, енді бұл қатар «Сұлудың жоқ дегенін сыйла» деп ауыстырылған.
Еске салайық, әннің бастапқы нұсқасы Қазнетте қатты сынға ұшырап, жұрт әншіні «қыздың таңдауын құрметтемеді, зорлық-зомбылықты насихаттады» деп айыптаған еді.
Қоғамдық резонанстан соң өнер иесі кешірім сұрап, үндеу жариялаған. Ол даулы жолдар жазушы Әзілхан Нұршайықовтың сөзінен алынғанын, алайда қазіргі қоғам танымы басқа екенін ескермегенін мойындады. Сол кезде әнші зорлық-зомбылыққа қарсы екенін айтып, бұл туындыны енді орындамайтынына уәде берген болатын. Алайда ол әннен толық бас тартпай, мәтінін халықтың талабына сай өңдеп шығуды жөн көріпті.
Алматы облысының киберполициясы «Қазақтелекоммен» бірлесіп, ірі алаяқтықтың жолын кесті. Жүйеге күмәнді қоңырау түскен соң полиция іске кіріскен. Психологиялық арбауға түскен азамат жақындарының қоңырауын елемей, бірнеше банктен 13 млн теңге несие алмақ болған.
Тәртіп сақшылары оның отбасына ескертіп, банктер арқылы несиені бұғаттатты. Полиция ер адамды тапқан кезде ол әлі де алаяқтардың нұсқауын орындап жатқан еді. Жәбірленуші қандай қарызға бата жаздағанын кейін ғана түсінді.
Жаңа жүйе бір тәулікте осындай 13 қылмысты тоқтатқан. Полиция бейтаныс жандардың сөзіне ермеуге, телефонға белгісіз қосымшалар жүктемеуге және күдікті жағдайда бірден «102» нөміріне хабарласуға шақырады.
28 тамызда Алматы әуежайында жоспарлы техникалық жұмыстар кезінде FlyArystan әуекомпаниясының ұшағынан өрт шықты. Әуежайдың төтенше жағдайлар қызметі жалынды тез арада ауыздықтаған.
Оқиға кезінде бортта жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған. Алайда Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханадан үйіне жіберілді.
Қазіргі уақытта әуе кемесі рейстерден уақытша шеттетілді. Мамандар оның қаншалықты зақымданғанын бағалап, жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Өрттің нақты себебін әуекомпания мен Алматы әуежайы бірлесіп анықтап жатыр.
Мысырда 6 адамнан тұратын топ жүріп бара жатқан фурадан 105 келі мұздатылған тауық етін қолды қылды. Олар пикаппен жүк көлігіне таяп, қораптарды қозғалыс үстінде тиеп алған. Куәгерлер түсірген бұл видео желіде тез тарап кетті.
Полиция қылмыскерлерді ізін суытпай тапқанымен, олар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, оқ атқан. Атыс кезінде 3 қарақшының көзі жойылып, қалған үшеуі тұтқындалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.
Президент оның мемлекеттік басқарудағы мол тәжірибесін, білімі мен жауапкершілігін жоғары бағалап, депутаттарды бұл ұсынысты қолдауға шақырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазақ тарихын бұрмалауға жол бермеуге шақырды. Мемлекет басшысы халқымыздың өткені тек қасірет пен азаптан тұрмайтынын, шежіремізде жарқын жеңістер де жетерлік екенін баса айтты.
Оның сөзінше, қайғы-қасіретті ұлттық болмысқа арқау ету дұрыс емес. Президент тарихты өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздейтін шынайы көзқараспен жазу қажеттігін және бұл өскелең ұрпақ үшін өте маңызды екенін ескертті.
Желіде Непалдағы тасқын кезінде суға кеткен Шива мүсінінің бейнежазбасы тарауда. Алайда бұл – жалған ақпарат. Шын мәнінде, кадрлар 2013 жылы Үндістанның Ришикеш қаласында (Ганг өзені) түсірілген. Ол кездегі алапат тасқын мүсінді толықтай шайып әкеткен.
Қазіргі жаңа мүсін де өзен арнасында тұрғандықтан, жауын маусымында (2023, 2025, 2026) ішінара су астында қалып тұрады. Яғни видеоның Непалға еш қатысы жоқ әрі қазір мүсін толық қауіпсіз жерде.
«Алматы — Ташкент — Термез» тасжолында полицияның цифрлық жүйесі жалған мемлекеттік нөмірі бар Toyota Camry көлігін анықтады. Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, ізін суытпақ болған жүргізуші көп ұзамай құрықталды.
Тәртіп бұзушы 26 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғыны Давронбек Исломов болып шықты. Тексеру барысында оның жалған нөмір пайдаланып қана қоймай, автокөлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды.
Сот шешімімен жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынып, оған 40 АЕК (173 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ал көлік айыптұраққа жөнелтілді.
«14 күн» драмедиі — өз өміріңе қайта қарауға мәжбүрлейтін фильм
Фильмнің бас кейіпкері Дархан — ақшасы, мансабы, қымбат көлігі бар табысты бизнесмен. Бірақ ең маңызды нәрседен — жақын адамдарынан айырылған.
Ол балалық шағындағы екі досын қайта жинап, орындалмай қалған армандарын жүзеге асыру үшін бірге сапарға шығады. Сол жолда олар бір-бірін ғана емес, өздерін де қайта табады.
«14 күн» — тек достық туралы фильм емес. Бұл ер адамның да әлсіз болуға, өткенін сағынуға, қателігін мойындауға және жақын адамдарын қайта іздеуге құқығы бар екенін көрсетеді.
Фильм бізге қарапайым, бірақ маңызды нәрсені еске салады: өмірдің қарбаласында ақша мен мансуды қуып жүріп, шын мәнінде қымбат адамдарды жоғалтып алмау керек.
🎬 «14 күн» драмедиі 27 тамыздан бастап кинотеатрларда.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Almaty