Efc.kz
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ
АО «Центр электронных финансов»
28/05/2026
🇰🇿 ЕАЭО форумында цифрлық егемендік пен мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы басты тақырыптардың біріне айналды.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Денис Свирский цифрлық мемлекеттік сатып алулардағы ұлттық режимді қамтамасыз ету бойынша баяндама жасап, деректер қауіпсіздігі, технологиялық тәуелсіздік және цифрлық платформаларды дамыту мәселелеріне тоқталды.
🇰🇿Цифровой суверенитет и прозрачность госзакупок стали одними из ключевых тем форума ЕАЭС в Астане.
Заместитель председателя Правления АО «Центр электронных финансов» Денис Свирский выступил с докладом о национальном режиме в цифровых госзакупках, подчеркнув важность безопасности данных, технологической независимости и развития национальных цифровых платформ.
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қамқорлық пен мейірімге, тазалық пен ізгілікке шақыратын қасиетті мейрамда ризықтарыңыз ортаймасын!
Халқымыздың береке-бірлігі мен ынтымағы арта берсін!
Жасаған амалдарыңыз қабыл болсын!
26/05/2026
🚀 Бизнес бастау енді оңай!
Кәсібіңізді қай жерде ашқан тиімді екенін білгіңіз келе ме? Енді бәрі бір жерде - eFinance порталы
📍 «Кәсіпкер кабинеті» сервисі арқылы:
- бизнеске қолайлы орынды таба аласыз
- бәсекелестерді талдай аласыз
- аудан, санат және режим бойынша сүзгі қоя аласыз
- ЖИ-көмекшінің ұсыныстарын пайдалана аласыз
Қалай қолдануға болады? 👇
1️⃣ Іздеу жолағына «Кәсіпкер кабинеті» немесе «КБЖК» деп жазыңыз
2️⃣ ЭЦҚ немесе SMS-код арқылы жүйеге кіріңіз
3️⃣ «Бизнес геоаналитикасы» бөлімін таңдаңыз
4️⃣ Қала, санат, аудан параметрлерін енгізіңіз
5️⃣ ЖИ сізге бизнес ашуға ең тиімді локацияларды ұсынады 💡
Дұрыс орын - табысты бизнестің алғашқы қадамы.
#кәсіпкер #бизнес #кәсіпкеркабинеті #бизнесидея #геоаналитика #жасандыинтеллект #Қазақстан #кәсіп #бизнесашу #стартап #кәсіпкерлік #цифрлыққызмет #онлайнқызмет
🔹 Мемлекеттік сатып алу жүйесінде шағым беру туралы қысқаша:
Шағымды тек «Поставщик» рөлі бар пайдаланушылар және өтінім берілген лоттар бойынша ғана бере алады.
Қорытынды хаттама жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде, сондай-ақ сол күні де беруге болады.
Толығырақ - видеода 🎥
20 000 қолданушы! 🥳
Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті
Қазақстандағы бизнеске арналған
негізгі цифрлық құралға айналып келеді.
Сіздермен бірге цифрлық экожүйе құрып келеміз. 🫂
_______________________
20 000 пользователей! 🥳
Единый личный кабинет предпринимателя
становится главным цифровым инструментом
для бизнеса в Казахстане.
Создаем цифровую экосистему вместе с вами. 🫂
🔹 Как внести изменения в пункт плана, если уже создана заявка на покупку?
1️⃣Сначала заявку нужно отозвать.
Что сделать👇
1️⃣ Зайти в Годовой план («Утвержден»)
2️⃣ Найти нужный пункт
3️⃣ Нажать «Отозвать заявку»
После этого пункт плана снова станет доступен для редактирования ✔️
(Подробнее в видео)
🔹 Мемлекеттік сатып алу порталында жиі кездесетін мәселе👇
📌 «Келесі» батырмасын басқанда
«Рұқсаттар туралы деректер толық толтырылмаған» деген хабарлама шыға ма?
Сіз лицензия/рұқсатты көрсеткенсіз, бірақ оны міндетті деп белгілемегенсіз.
Шешімі оңай ✔️
Тиісті құсбелгіні қойып, қайтадан «Келесі» батырмасын басыңыз.
Жұмысты тоқтатпай, бір белгімен алға жылжимыз 🚀
🔹 «Электрондық қаржы орталығы» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, «ҰАТ» АҚ және өзге де мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен маңызды жұмыс кеңесі өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауға арналған интеллектуалды аналитикалық жүйесін әзірлеу және енгізу мәселелері болды.
Кеңес барысында азаматтардың өтініштерін өңдеу процестерін цифрландыру, жасанды интеллект құралдарын енгізу, деректерді талдау жүйелерін дамыту және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы кері байланыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар өтініштерді жедел сараптау, жүйелі мәселелерді анықтау және халықпен өзара байланысты жетілдіру бағыттарына ерекше назар аударылды.
«ЭҚО» АҚ Басқарма төрағасы Дияс Крамшеев интеллектуалды цифрлық шешімдерді дамыту мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен ашықтықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жобаны іске асырудың алдағы кезеңдерін, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін және өтініштермен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруде заманауи ІІ құралдарын қолдану перспективаларын талқылады.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік сервистердің тиімділігін арттыруға және азаматтармен өзара байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған инновациялық цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстарын жалғастыруда.
🔹Сатып алуға өтінім жасалғанда жоспарға өзгеріс қалай енгізіледі?
Жоспар тармағына өзгерістер енгізу үшін алдымен сатып алу өтінімін кері қайтарып алу қажет.
🔎 Қайтару келесі мәртебелерде мүмкін:
▪️ «Өтінім»
▪️ «Өтінім қайтарылды»
Іс-әрекет тәртібі:
1️⃣ «Бекітілген» мәртебесі бар жылдық жоспарға кіріңіз
2️⃣ Қажетті жоспар тармағын таңдаңыз
3️⃣ «Өтінімді қайтарып алу» батырмасын басыңыз
✅ Өтінім қайтарылғаннан кейін жоспар тармағын еркін редакциялауға болады.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Contact the business
Website
Address
Nur-Sultan
010000