Atyrau Rauan Fund

Atyrau Rauan Fund

Share

ҚОҒАМДЫҚ ҚОР

13/10/2024

Жазушы ұлы Абаймен рухани жақындығы қазақ әдебиетінің биік шыңға көтерілуіне игілікті әсерін тигізді. Абай арқылы қазақ елі тарихының эпопеясын сомдады.

Абайтанудың алғашқы негізін де М.Әуезов жазған Абайдың ғылыми өмірбаянында жатқаны мәлім, Абай өмірбаянын ғылыми негізде жаза отырып М.Әуезов абайтану саласындағы бірнеше күрделі мәселелерді тұтастай қарастыруды бірден қолға алды. Себебі Абайдың жаңа типтегі ақын, қоғам қайраткері боп қалыптасқанын көрсету үшін, сол дәуірдің тарихи шындығын яғни жасаған әлеуметтік ортасы мен араласқан адамдарын, руларын, билік атаулары мен жер аттарын, ақын шығармалары нәр алған бұлақтарын, Абай мұрасындағы жаңа бағытты, Абай өлеңдерінің жазылу себептерін т.б. көптеген қосалқы мәселелерді қамту қажет еді. Бұларды тұтас қамту, дұрыс шешімін, бағыт-бағдарын табу - жазушыға зор даярлықты, қуатты шығармашылық ізденісті талап етті.

13/10/2024

Абай сынды түбі табылмас тұңғиық теңіз, алып жұмбақтың образын қайта тірілтіп, сахнада жан беру қай актерға болмасын үлкен мәртебе, мақтаныш, арман екені шындық. Алайда Ұлы Абай рөлін табысты да, ірі ойнаған, күллі жұрт Абай деп таныған, ұлы ақынды тірілте білген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері .abdilmanov сынды бірегей актерды тілге тиек етпеу қате шығар.

Қайталанбас Ұлы Абай рөлін шеберлікпен сомдап, тереңіне үңілуіне .abdilmanov Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне сеніміз зор!

Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыныңактері. “Құрмет” Орденінің иегері.

«Абайдың рөлін ашуда актерлік және өмірлік тәжірибемді жұмсар едім. Өйткені Абайға әр жаста әртүрлі көзбен қарайсың. Неғұрлым актер тәжірибені көбірек жи­наған сайын Абайды сезінуі, түсінуі, тереңі­не бойлауы соғұрлым ерекше болады. Актердің әр рөлі зор жауапкершілік жүктейді. Сахнада әдемі рөл ойнап, өмірде қалай болса солай сөйлеп, мінез-құлық көр­сетуге болмайды. Қазақтың «таспен атқанды аспен ат» деген сөзінің мағынасын ұқтым. Абай өзіңнің қандай адам екеніңді білгің келсе, саған қиянат жасаған адамнан кешірім сұра, сонда сен дұрыс жолдасың дейді. Кі­ші­рею мен кешіру сенің ішкі жан дүниеңнің қан­шалықты кең екенін көрсететініне кө­зім жетті» ,- дейдi Болат Абділманов.

12/10/2024

ЖӘРМЕҢКЕЕЕ !!!

Сіздерді 20 қазан, қайырымдылық жәрмеңкеге шақырамыз! Отбасыңызбен және достарыңызбен келіп біздің атмосфераны сеніңіз. Бұл жерде сіздер үшін :

🍱🍔 Түрлі-түрлі дәмді тағамдар
🎹🎙️Концерттік бағдарлама
🏋🏻🏹 Спорттық ойындар
✅ Балаларға ойын алаңы ұйымдастырылады.

Барлығына айтыңыздар, таратыңыздар. Кездескенше!!! Аа айтпақшы сағат 10:00 де😉

30/09/2024

«Абай Кеші» қайырымдылық кеші
жақындап келе жатыр, демек бұл есте қаларлық
кештін жүргізушілерімен танысатын кез келді. Ал танысуымызды, жаркын актерлік мансабы мен
қайырымдылық қызметін шеберлікпен қатар жүргізетін- Ерғұлан Қайратұлынан бастаймыз!
Ерғұлан- «Абай Кеші» қайырымдылық кешін жүргізіп келе жаткан театр жене кино актері.
Қарашаның 10-ы, Атырау каласы, Sultan Palace Hotel қонақ үйі. Басталуы сағат 18.00-де.
Толығырақ +7 778 048 5510

30/09/2024
Photos from Atyrau Rauan Fund's post 04/09/2024

«SANALY URPAQ» жобасымен 4 жылда 108 окушы білім алып 90% грант иегері атанды⭐️

Photos from Atyrau Rauan Fund's post 28/05/2024

500 отбасыға көмек

“Атырау Рауан” ҚҚ волонтерлар мен демеушілер көмегімен осы уақытқа дейін 6000 отбасыға азық-түлік таратты. “Береке” акциясы 2014 жылдан бері тұрақты түрде іске асырылып келеді. Көмек берілетін отбасылар - жалғыз басты ата-аналар, отбасы мүшелерінің ерекшелігі (мүгедектігі) бар жандар және көп балалы аналар. Осы жолы да облыс бойынша аз қамтылған 500 отбасыға азық-түлік таратуды жоспарлап отырмыз. Бір жанұяға арналған қоржын құны - 25 000 теңге. Сіздерді де осы әлеуметтік жобаға үлес қосуға шақырамыз! Сондай-ақ жиналған себеттерді таратуға да (көлікпен, уақытыңызбен..)көмек көрсете аласыз.

Помощь 500 семьям

С помощью волонтеров и спонсоров ОФ «Атырау Рауан» раздал продукты около 6000 семей. Акция «Береке» проводится с 2014 года. Малообеспеченные семьи – это родители-одиночки, семьи с особыми детьми (инвалидностью) и многодетные матери. В этом году мы планируем раздать продукты 500 малообеспеченным семьям по всей Атырауской области. Стоимость корзины на одну семью 25 000 тенге. Приглашаем вас принять участие в этом социальном проекте! Вы также можете помочь с развозкой собранных корзин (транспортом, силой и вашим временем...).

Help 500 families

With the help of volunteers and sponsors, “Atyrau Rauan” fund distributed food to about 6,000 families. The “Bereke” campaign has been held since 2014. Low-income families are - single parents, families with special children (disabilities) and mothers with many children. This year we plan to distribute food to 500 low-income families throughout the Atyrau region. The cost of a basket for one family is 25,000 tenge. We invite you to take part in this social project! You can also help with the transportation of the collected baskets (transport, power and your time...).

Photos from Atyrau Rauan Fund's post 02/04/2024

Еліміздегі жағдай…
“Балам, үй көз алдымда суға кетті, ауыл түгел суға кетті…” Бұл дауысты бәрімізде естідік, болып жатқан табиғи апатты көзімізбен көріп отырмыз. Жүрегіміз ауырып , көңілімізге қорқыныш ұялап отырғаны жасырын емес. Ендеше осындай қиын сәтте үрей мен үміттің ортасында отырған тұрғындарға бірігіп көмек көрсетейік. Күш-бірлікте!

Photos from Atyrau Rauan Fund's post 22/03/2024

Ауылдарға…
Ақтың молаятын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Мереке қарсаңында “Атырау-Рауан” ҚҚ қала-ауылдар да 500 отбасыға азық-түлік себеттерін таратуды жоспарлаған болатын. 17 наурыз қала бойынша 300 отбасыға азық-түлік таратты. Енді 30 наурыз аудан-ауылдарда 200 отбасыға себеттер жеткізу жоспарда бар. Еске сала кетейік осыған дейін облыс бойынша 5500 отбасыға азық-түлік тарататты. Ауылға азық-түлік жеткізуге Сізде өз үлесіңізді қоса аласыз! ✔️Каспий-платежи-ОФ Атырау Рауан✅

28/02/2024

ЖӘРМЕҢКЕЕЕ !!!
Сіздерді 10 наурыз, демалыс күндеріңізді бізбен бірге көңілді өткізуге шақырамыз! Қайырымдылық жәрмеңкеге отбасыңызбен және достарыңызбен келіп, біздің атмосфераны сеніңіз. Бұл жерде сіздер үшін :

🍱🍔 Түрлі-түрлі дәмді тағамдар
🎹🎙️Концерттік бағдарлама
🏋🏻🏹 Спорттық ойындар

Барлығына айтыңыздар, таратыңыздар. Кездескенше!!!

01/11/2023

Біз жалғастырамыз…🎙️🎙️

Құрметті достар, Сіздерді өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін Қайырымдылық кешімізге шақырамыз!
Кешке танымал айтыскер ақындар мен белгілі блогерлер де қатысады.

Бағдарламада:

✅Кешкі ас
✅Концерттік бағдарлама
✅Аукцион
✅Лоторея

✔️Киім үлгісі (дресс код): Black tie
✔️Қатысу құны: 40 000 тг

✅Жиналған қаражат толығымен “Саналы ұрпақ” жобасына жұмсалады.

🔥🔥 18 қараша «АБК Холл» мейрамханасы, керемет кештен қапы қалмаңыз!

Want your business to be the top-listed Advertising & Marketing Company in Atyrau?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Telephone

Website

Address

Атырау
Atyrau
060000