morzh_10
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from morzh_10, Musician, Almaty.
27/02/2023
Қайын журт
жолдасымнын нағашылары
Қазақта жігіттің 3 жұрты бар. Олар: өз жұрты, қайын жұрты және нағашы жұрты. Осы 3 жұртыңдай ешкім қадірлі емес. Олардан жақын туыс жоқ. Әйтсе де, дана халқымыз осы жұрттың әрқайсысына жеке-жеке анықтама берген. Мәселен, «өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, ал нағашы жұртың болса – сыншыл келеді» дейді. Біз осы нагашы жұрт жөнінде кеңінен баяндап берейн
«Нағашы жұртың – сыншыл. Жақсыңа сүйінеді, жаманыңа күйінеді, әрдайым тілекші, тілеулес боп жүреді».
Жігіттің шешесінің туыстары нағашы аталып, өзі оларға жиен болатыны баршаға белгілі. Нағашы жұрт жиенді ешуақытта сыртқа теппейді, керісінше «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп баурына тартып отырады. Сөйте тұра «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дейтіні тағы бар. Бұған жауап ретінде: «Жиен ел болады – малы болса, желке ас болады – майы болса»,- деп әзіл-қалжыңға май құяды. Мұның бәрі нағашы мен жиен арасын алыстату үшін айтылған сөз емес, өзара достық әзілден туып, көпшілік арасында қалыптасып кеткен бейнелі ұғымдар. Жиеннің жау емес екенін біле тұра оны «ел болмайды» деу ақылға симайды. Бұл жігіт намысын қайрай түсу үшін әдейі айтылған әзіл-қалжың. Сондықтан да жігіт бұл сөзге жасымайды, қайта жігерлене түседі. Әзілі жарасқан жиен қашан да нағашы жағынан қырық серкеш «даулаумен» болады. Нағашылары оған «кет әрі» демейді, керісінше оның талабын құп алып, тауанын қайтармайды. Бұл бұл ма, жиенін өз қолынан үйлендіріп, басына отау тігіп, алдына мал салып берген нағашылар да баршылық. Бұл – әркімнің хал ақуалына қарай орындалатын дәстүрлі сыйлық. Егер нағашының қолы қысқа болып, жиеннің байлығы артып жатса, жаңағы сыйлықтың керісінше жүретін кезі де болады.
Нағашы мен жиен арасындағы қарым-қатынас алым-берімге ғана қатысты емес. Мал-дүние қолдың кірі сияқты, оның бір жұтта жуылып-шайылып кетуі әбден мүмкін. Ал, нағашы мен жиен туыстық жағынан мәңгі ажырамайтын тұлғалар. Бұлар мейлі бай, мейлі кедей болсын бәрі бір, бірінен-бірі кете алмайды. Өз анасын шын сүйетін жігіт сол ананың туыстарын да жақыным, бір жұртым деп қадір тұтып, олардың бауырына кіруге әзір тұрады. Нағашылар да жиенді баласындай еркелетіп, басыннан сипайды.
Click here to claim your Sponsored Listing.